Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер және адвокаттар алқасында тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда аттестаттаудан өтедi. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады.
Аттестаттаудан өтуден келесі адамдар босатылады:
- Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікіріналған адамдар;
- “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
- Теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немесе тергеуші лауазымында кемінде он жылжұмыс өтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер тұлға тағылымдамадан өткенненкейін “электрондық үкіметтің” веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы:
- 1) “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы көрсетiлетiн ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында, сұрау салу;
- 2) оларды әділет органдарына ұсынғанғадейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдарымен берілген диспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;Аттестаттауға жіберу туралы өтініші, мәліметтермен қамтылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш беру кезінде аттестаттаудың жүргізілетін орнын, күнін және тілін (қазақ немесе орыс) айқындауға құқылы.