2023 жылдың есеп кезеңінде 9 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Неғұрлым талап етілетін қызмет – «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» — 8 (6 жеке тұлға, 2 заңды тұлға), «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» — 1.
Қызметтер электрондық портал арқылы көрсетілді.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне өзгерістер және толықтырулар енгізілген жоқ. Жаңа мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді анықталған жоқ, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу жөніндегі уәкілетті органға ұсыныстар енгізілген жоқ.
Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту болған жоқ. Қазақстан Республикасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнамасы бұзылуының анықталған фактілері енгізілген жоқ.
Есептік кезеңде мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасына келіп түскен шағымдарды қарау мерзімдерінің бұзылуы болған жоқ. Көрсетілетін қызметтерді алушылардың бұзылған құқықтарын енгізілген жоқ.
2023 жылда 279 адамды қамтумен қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша 8 түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Тікелей эфир өткізілді — 4, «Фейсбукте» қаралғаны — 380, көрсетілетін қызметті алушылар арасында тарату бойынша жұмыс жүргізілді, 272 — ден астам брошюралар таратылды.
Мемлекеттік мекемесінің мамандары мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.
Мироновка ауылдық округі әкімінің м.а. Э. Жұмабаева