2021 жылы 23 қараша
Интернет ресурсында
орналастырылды
КММ «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» 151000, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша қаласы Қазақстан Конституциясы көшесі 197, анықтама үшін телефон 8 (71536) 21426 телефоны, факс 8(71536) 21426, электрондық мекенжай: zh.bolatova@sko.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялайды:
1. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Мироновка ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жетекші маман.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты E-G-4. Лауазымдық жалақысы еңбек еткен жылына қарай 195549 теңгеден 224624 теңгеге дейін.
Негізгі функционалдық міндеттері:
Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру. Әр шаруашылық бойынша есепке алу кітабының, электрондық база әр шаруашылық кітабының құзырлығы. Статистика және ауылшаруашылық бөліміне есеп тапсыру. Ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық төлқұжатының зерттемесі. Ауыл шаруашылық бөлімінің барлық сұрақтарын, ауыл шаруашылық есептілік туралы және ауыл шаруашылық құралымдардың, ауыл шаруашылық өнімнің сатып алуын бойынша жұмысын арттыру. Ауылдық округтерде автомобиль жолдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және ұстау бойынша жәрдемдесу іс-шараларын жүзеге асырады. Тұрғын қор бойынша есеп ұсыну. Сайлаушылар бойынша жұмыс. Жастар саясаты, спорт және мәдениет, денсаулық сақтандыру, қоғамдық партия және бірлесу, рухани конфессиялары бойынша ойшылдық жұмыстарды жүргізу. ТЖ бойынша сұрақтармен жұмыс істеу. Ауылдық округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыс.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «құқық» немесе «білім», «гуманитарлық ғылымдар», немесе «техникалық ғылымдар және технологиялар», (ақпараттық жүйелер, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, машина жасау, көлік, көлік техникасы және технологиялар, құрылыс), немесе «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», немесе «ауыл шаруашылық ғылымдар», немесе «қызмет көрсету» (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) бейіндері бойынша.
Немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімдер: құқық» немесе «білім», немесе «қызмет көрсету, экономика және басқару» (аудармашы ісі (түрлері бойынша), іс қағаздарын жүргізу және мұрағаттану (салалар және қолдану аясы бойынша), маркетинг (салалары бойынша), менеджмент (салалар және қолдану аясы бойынша), қаржы (салалар бойынша), статистика, есеп және аудит (салалар бойынша), экономика (салалар бойынша)), немесе «байланыс, телекоммуникация және ақпараттық технологиялар», (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету (түрлері бойынша), ақпараттық жүйелер (қолдану саласы бойынша)), немесе «металлургия және машина жасау» (машина жасау технологиясы), немесе «көлік» (салалар бойынша), немесе «құрылыс және коммуналдық шаруашылық», немесе «ауыл шаруашылығы, ветеринария және экология» (агрономия, зоотехния, өсімдік шаруашылығы, фермерлік шаруашылығы (бейіні бойынша), балық шаруашылығы (түрлері бойынша), аңшылық және аң өсіру шаруашылығы, орман шаруашылығы, бау-бақша және ландшафт құрылысы (түрлері бойынша), ауыл шаруашылығын механикаландыру), немесе «өндіру, құрастыру, пайдалану және жөндеу (салалар бойынша) көлікті пайдалану» (жол қозғалысын ұйымдастыру) бейіндері бойынша.
Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.
Жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
Конкурс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығымен бекітілген, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидалары негізінде өткізіледі.
Конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.
«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.
Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың (келісім) қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;
Осы Қағидалардың 76-тармағының 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурстық комиссияның оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың (осы Қағидалардың 79-тармағында көрсетілген адамдарды қоспағанда):
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурсқа мемлекеттік қызметшілер, сонымен қатар теріс себептермен немесе олардың қызметін бағалау, сынақ мерзімінің не аттестаттау қорытындыларының нәтижелері бойынша қызметтен шығарылғандарды қоспағанда, мемлекеттік қызметтен кеткен тұлғалар, шығарылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде, егер ол өзге жеке және мемлекеттік органдар болып табылмайтын заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұрмаған, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерге шықпаған жағдайда, тестілеуден өтпестен қатысуға құқылы.
Жоғарыда аталған тұлғалар келесі құжаттар тапсырады:
Қолма қол немесе пошта бойынша толық құжаттар пакетін ұсынған кандидаттарға конкурстық комиссия хатшысы осы Ережелердің 5 қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдау туралы қолхат береді.
Құжаттардың толық пакетiн электрондық түрде электрондық почта мекенжайына тыпсырған кандидаттарға қолхат электрондық түрде кандидаттың электрондық почта мекенжайына жолданады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссия хатшысының оларды қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерiн, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзiмi жергілікті атқарушы органдардың, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының әкімі аппараты және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурстарында жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеленіп, 7 жұмыс күннің ішінде тапсырылуы тиіс.
Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық поштасы арқылы берілген жағдайда құжаттардың түпнұсқасы немесе нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты» КММ әңгімелесуге жіберу туралы хабарлама алған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде өтеді.
Жалпы конкурсқа қатысатын және әңгiмелесуге жiберiлген кандидаттармен әңгiмелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейне байланыс құралдары арқылы өткiзiлуi мүмкiн.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар мен сараптамашылар шақырылады. Конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар ретінде жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі өкілетті органның қызметшілері қатыса алады.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді. Хабарлама конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон немесе электрондық пошта арқылы жүзеге асырылады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе басқару қызметінің шешiмiне шағымдана алады.