«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-нiң 2023 жылғы мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi жөнiндегi қызметi туралы есеп
2023 жылдың 12 айында «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-мен 4 мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi, оның iшiнде:
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-мен «Электрондық үкiмет» порталы арқылы электрондық түрде көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтердiң үлесiн арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргiзiлуде.
Мемлекеттiк қызметтердi көрсету мәселелерi бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетiмдiлiк мақсатында барлық мемлекеттiк мекемелерде көрнекi ақпараты бар стендтер орналастырылған (мемлекеттiк қызметтердiң заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерi, өтiнiштердiң үлгiлерi, мемлекеттiк қызметтердi көрсетуге жауаптылардың т.а.ә.). Мемлекеттiк органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттiк орган көрсететiн мемлекеттiк қызметтер қағидалары орналастырылған «мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер» бөлiмi жұмыс iстейдi. Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы бойынша аппарат қызметінің 2023 жылғы есебін жария талқылау туралы қорытынды жарияланды.
Мемлекеттiк қызмет көрсету процестерiн оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелерi мемлекеттiк органда да, Мемлекеттiк корпорация, «Электрондық үкiмет» порталы арқылы да баламалы негiзде мемлекеттiк қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттiк қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелерi қазiргi уақытта мемлекеттiк органдар қызметiндегi маңызды басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттiк қызмет көрсету мәселелерi бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Азаматтарды мемлекеттiк қызметтердi алу кезiнде электрондық үкiмет порталын белсендi пайдалануға тарту мақсатында Краснополян ауылдық округiнде өзiне-өзi қызмет көрсету аймағы жұмыс iстейдi, онда тұрғындар электрондық қызметтердi өз бетiнше ала алады.
2023 жылдың 12 айында өзiне-өзi қызмет көрсету секторы арқылы 272 Мемлекеттiк қызмет көрсетiлдi.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-сi қызмет алушылар арасында брошюралар тарату бойынша жұмыстар жүргiзуде, мемлекеттiк қызметтер көрсету мәселелерi бойынша 375 жуық брошюралар таратылды.
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Краснополян ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» КММ-де мемлекеттiк қызметтердiң уақытылы және сапалы көрсетiлуiне бақылау жүргiзiледi.