Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі есепке талдамалық анықтама
2025 жылғы 1 тоқсанда
«Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
2025 жылдың 1 тоқсанында «Киров ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ Жергілікті атқарушы органымен -3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз нысанда – 0 Мемлекеттік қызмет ;
-қағаз нысанда, бірақ «электрондық үкіметтің» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін-2 мемлекеттік қызмет (1-жер учаскесін жеке меншікке біржолғы не бөліп-бөліп сату; 1-жер учаскесін кент, ауыл жерлерінен беру);
көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («электрондық үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 1( Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу).
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0 Мемлекеттік қызмет, «Электрондық Үкімет» порталы арқылы-0 Мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар әзірленді, көрсетілетін қызметті алушылар арасында тарату бойынша жұмыстар жүргізілді, 75-тен астам брошюралар таратылды.
2025 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесі бойынша тікелей эфир өткізілмеді (0 адамды қамти отырып).
2025 жылдың 1 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы мемлекеттік қызметтер көрсетілмеген (ЭЦҚ беру, сотталмағандығы туралы анықтама беру, диспансердің психосынан анықтама беру, наркос диспенсерден анықтама беру, декларацияларды тапсыру және кері қайтарып алу).
Ауылдық округ әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі мемлекеттік органда да, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік орган қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.
Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын тапсырылады.
Киров ауылдық округінің әкімі Р. Көпербаев