Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасы болып табылады. Сондықтан Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың, сондай-ақ азаматтардың Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының қызметіне деген сенімін арттырудың маңызды аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету-қоғам мен мемлекеттің өзара іс-қимылының негізгі құрамдас бөліктерінің бірі.
Мемлекеттік қызметтер Тізіліміне сәйкес (20.05.2024 ж. өзгерістер мен толықтырулармен) Келлер ауылдық округі әкімінің аппаратымен 5 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
Келлер ауылдық округінің аппаратында «Ашық әкімдік» жұмыс істейді. Кеңседе ауылдық округ әкімі аппаратының, азаматтардың өтініштерін қабылдау секторының мамандары және ауылдық округтің ветеринар дәрігері жұмыс істейді. Пайдаланушыларға ыңғайлы болу үшін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы безендірілген.
Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсетуге жауапты жер қатынастарын реттеу жөніндегі бас маман-Бейсенова Құндыз Маратқызы
Азаматтарға мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпарат және консультациялар беру мәселелері бойынша сіз «Келлер ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-не сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін (түскі ас. 13:00 - 14:30 сағ.).
Телефон: 871536/51155, 51203