Жалпы мәлiметтер
Селолық округтiң аумағы — 329800 мың шаршы метр.
Тұрғындардың жалпы саны — 3141 адам.
Аула саны — 1006. Малдың түрлерi бойынша саны: IҚМ — 1325, қойлар — 982, жылқы — 61, шошқа — 1020, құстар — 8740.
Тарих
Келлеровка селолық округi 1997 жылы құрылды.
1936 жылдан 1993 жылға дейiн халықтық депутаттарды Селолық кеңесi болып аталған. Селолық округтiң аумағында 4 елдi мекен: Келлеровка, Богатыровка, Кременчуг, Липовка селолары орналасқан.
Селолық округтiң орталығы — Келлеровка селосы. Ол аудан орталығынан 35 шақырым, облыс орталығы Петропавл қаласынан 120 шақырым жерде орналасқан.
Барлық елдi мекендер электр қуатымен, сумен, телефонмен жабдықталған. Селолық округтiң аумағында «Beelline», «Kcell» ұялы байланыс қызметi iстейдi.
Келлер селолық округi республикалық трассасының бойында орналасқан.
Алыс, жақын шет елдермен — Ресеймен, Германиямен, Польшамен –автобустық қатынас бар.
2000 жылдың маусым айында селолық округтiң құрамына Кременчуг және Липовка селолар кiрдi.
Кременчуг селосында Совет Одағының Батыры Бережной Иван Михайловичке арналған мемориал орналасқан.
2005 жылдың тамыз айында Келлеровка селосының жүз жылдық мерейтойы өткiзiлдi.
2014 жылдың 28 маусымында Келлер орта мектебiнiң 75 жылдық мерейтойы өткiзiлдi.
2010 жылдың 8 қазанында мәдениет Үйi ашылды.
Экономика
Селолық округтiң аумағында 3 мектеп, 2 кiтапхана, 18 шаруа қожалығы, 7 ЖШС, 20 дүкен, 1 сауда үйi, 1 көтерме сауда дүкенi, 3 дәрiхана, 3 ТЖС, 4 кафе, 3 шаштараз, 3 — АҚС, 1 — АГҚС, 9 қоғамдық монша, алғашқы медициналық көмек көрсету орталығы, нотариалдық контора, тұрмыстық техника жөндеу пунктi,.