Пресс – релиз

Пресс – релиз

 

 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Келлер ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешіміне

 

 

Осы нормативтік - құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы         23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Келлер ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджет кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ескере отырып, 2025-2027 жылдардағы есептелінген және төленген салық сомалары, 2024 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабының негізінде есептелген.

Келлер  ауылдық округінің  2025 жылға арналған бюджет түсімдерінің болжамды көлемі 25808 мың теңге,  2026 жылға – 26711 мың теңге,              2027 жылға – 27646 мың теңге сомасында белгіленді. 

         2025 жылға аудандық бюджеттен -38214 мың теңге, 2026 жылға –      

38287 мың теңге, 2027 жылға – 38351 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарлануда.

Келлер ауылдық  округі  бюджетінің  жалпы  көлемі 2025 жылға       64022 мың теңгені, 2026 жылға 64998  мың теңгені, 2027 жылға – 65997 мың теңгені құрайды.

Нормативтік-құқықтық актінің бекітуін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

.

 

 

 Ауылдық округ әкімі                                       Е.К.Хамитов

 

 

Дата публикации
27 декабря 2024