Меню

Страницы

Статья

Аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық округтер әкімдерінің функцияларының тізбесі

  1. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды есепке алуды ұйымдастырады;

  2. Тірек мектептердің (ресурстық орталықтардың) жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

  3. Тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте байланыс қызметтерін ұсынуды ұйымдастыру бойынша облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімдігіне ұсыныстар енгізеді;

  4. Бюджет қаражаты есебінен алдын алу және диагностика жүргізілетін жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органына ұсыныстар енгізеді;

  5. Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру іс-шараларын ұйымдастырады және дерекқорын жүргізеді;

  6. Ауыл шаруашылығы жануарларына жеке нөмірлерге қажеттілікті айқындап, ақпаратты ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ЖАО-ға жолдайды;

  7. Ветеринария мәселелері бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;

  8. Ветеринариялық есеп пен есептілікті жүргізіп, заңнамада белгіленген тәртіппен ұсынады;

  9. Жануарлардың жұқпалы аурулары туындаған жағдайда карантин енгізу туралы шешім қабылдайды;

  10. Ветеринариялық іс-шаралардан кейін карантинді немесе шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдайды;

  11. Ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізеді;

  12. Ветеринариялық іс-шараларды жүргізеді;

  13. Ветеринария саласындағы бөлімшелер туралы ережелерді бекітеді;

  14. Жануарларға ветеринариялық паспорт береді;

  15. Ветеринариялық анықтама береді;

  16. Ерекше қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық шараларды қамтамасыз етеді;

  17. Ветеринариялық пункттерді қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз етеді;

  18. Сәйкестендіру дерекқорынан үзінді көшірме береді;

  19. Биологиялық материал сынамаларын алып, зертханаға жеткізеді;

  20. Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, мал ұстау қағидалары бойынша ұсыныстар енгізеді;

  21. Агроөнеркәсіп субъектілеріне мемлекеттік саясатты түсіндіреді;

  22. Жануарларды сәйкестендіруге қатысады;

  23. Мал шаруашылығы инфрақұрылымының жұмыс істеуіне жәрдемдеседі;

  24. Агроөнеркәсіп саласы бойынша жедел ақпарат жинайды;

  25. Ауыл шаруашылығы санағына қатысады;

  26. Табысы төмен тұлғаларды анықтайды;

  27. Мал жаю орындарын айқындайды;

  28. Жер учаскелерін береді;

  29. Қоғамдық сервитуттарды белгілейді;

  30. Жерді алып қою бойынша ұсыныстар енгізеді;

  31. Азаматтардың өтініштерін қарайды;

  32. Салық жинауға жәрдемдеседі;

  33. Бюджеттік бағдарламаларды әзірлейді;

  34. Жергілікті қауымдастықпен бюджет мәселелерін талқылайды;

  35. Заңнаманың орындалуына ықпал етеді;

  36. Жер қатынастарын реттейді;

  37. Тұрғын үй қорын сақтауды және жолдарды ұстауды қамтамасыз етеді;

  38. Автожолдарды салу, жөндеу жұмыстарын қамтамасыз етеді;

  39. Кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдеседі;

  40. Әскери міндет және қорғаныс мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

  41. Әділет органдары жоқ жерлерде нотариаттық әрекеттерді ұйымдастырады;

  42. Азаматтық хал актілерін тіркеуді ұйымдастырады;

  43. Тарихи-мәдени мұраны сақтауды ұйымдастырады;

  44. Әлеуметтік әлсіз топтарды анықтап, көмек ұйымдастырады;

  45. Пробация есебіндегі тұлғаларды жұмысқа орналастырады;

  46. Әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға ықпал етеді;

  47. Қоғамдық көлік қозғалысын ұйымдастырады;

  48. Науқастарды медициналық мекемеге жеткізуді ұйымдастырады;

  49. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасайды;

  50. Шаруашылық есеп жүргізеді;

  51. Мәслихат сессияларына қатысады;

  52. Мектепке дейінгі және мәдени ұйымдардың қызметін қамтамасыз етеді;

  53. Мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз етеді;

  54. Сумен жабдықтауды ұйымдастырады;

  55. Елді мекендерді абаттандыру жұмыстарын ұйымдастырады;

  56. Жерлеу жұмыстарын ұйымдастырады;

  57. Медиаторлар тізілімін жүргізеді;

  58. Көлік қатынасы бойынша ұсыныстар енгізеді;

  59. Оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізеді;

  60. Балабақшаларда медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастырады;

  61. Мүгедектерге көмек ұйымдастырады;

  62. Қоғамдық жұмыстар мен жастар практикасын ұйымдастырады;

  63. Мүгедектерге арналған спорттық іс-шараларды ұйымдастырады;

  64. Мәдени іс-шаралар ұйымдастырады;

  65. Қайырымдылық көмекті үйлестіреді;

  66. Әлеуметтік әлсіз топтарға көмек көрсетуді үйлестіреді;

  67. Ауылдық денсаулық сақтау ұйымдарын кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.

Дата публикации
15 декабря 2023
Дата обновления
30 апреля 2026
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы