2025 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ- 4 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
- қағаз түрінде - 0 мемлекеттік қызмет;
- қағаз түрінде, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін Қызметтер – 0;
- Мемлекеттік корпорация арқылы - 0 мемлекеттік қызмет;
- «Электрондық Үкімет» порталы арқылы - 4 мемлекеттік қызмет.
Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер: сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру.
«Солтүстік қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. 2025 жылы мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесі бойынша 235 адамды қамтумен 4 тікелей эфир өткізілді.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халыққа қол жетімділік және ақпараттандыру мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер орналастырылған (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауаптылардың Т.А.Ә.). Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді, онда: мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі, Мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда да, Мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады. Осы міндетті іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыруға бағытталған оқу семинарлары өткізіледі, оларға мемлекеттік органдардың қызметкерлері уақтылы қатысады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де өзіне-өзі қызмет көрсетудің 1 секторы жұмыс істейді, онда халық электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 248 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (ЭЦҚ, тіркеу, МОА тіркеу, анықтамалар).
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызмет алушылар арасында ақпараттық брошюралар тарату бойынша жұмыс жүргізілуде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 235-ға жуық брошюралар таратылды. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын Тайынша ауданы әкімінің аппаратына ұсынылады.