«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына Пресс – релиз

Осы нормативтiк-құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15наурыздан Бюджет Кодексiнiң 91, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Донецк ауылдық округiнiң 2026-2028 жылдарға арналған бюджет кiрiстерi Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi  ережелері ескеріле отырып, 2025 жылғы 15 наурыздан Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 26-1-бабының негiзiнде есептелген.

Донецк ауылдық округiнiң 2026 жылға арналған бюджет түсiмдерiнiң болжамды көлемi 10290 мың теңге, 2027 жылға10805 мың теңге, 2028 жылға  11345 мың теңге сомасында белгiлендi.

2025 жылға облыстық бюджеттен 3890 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі жоспарлануда.

2026 жылға аудандық бюджеттен 38778 мың теңге, 2027 жылға  39119 мың теңге, 2028 жылға  38868 мың теңге сомасында субвенция түсiмi жоспарлануда.

Донецкауылдық округi бюджетiнiң жалпы көлемi 2026 жылға 52958 мың теңгенi, 2027 жылға 53814 мың теңгенi, 2028 жылға  54103 мың теңгенi құрайды.

Нормативтiк-құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Шешiм жобасы порталында «Ашық бюджеттер» бөлiмiнде орналастырылған.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына Пресс – релиз
Дата публикации
22 декабря 2025