Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 307/23 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің 2025 – 2027жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістерментолықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына Пресс – релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

1.Бюджеттің шығыс бөлігін сапалы орындау мақсатында бюджеттік бағдарламалар арасында 870 мың теңге сомаға ақшалай қаражатты қайта бөлуді жүргізу қажет:

Үлкейту:

          - 124001 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы ҰОС сарбазының ескерткішін қайта жаңартуға 870,0 мың теңгеге.                                

Азайту:

- Мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеуге байланысты 870,0 мың теңгеге 124011 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2025 жылғы 08 мамырдағы № 307/23 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің 2025 – 2027жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістерментолықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына Пресс – релиз
Дата публикации
04 июня 2025