Осы нормативтiк-құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздан Бюджет Кодексiнiң 91, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Донецк ауылдық округiнiң 2025-2027 жылдарға арналған бюджет кiрiстерi Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi ережелері ескеріле отырып, 2025 жылғы 15 наурыздан Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 27-бабының негiзiнде есептелген.
Донецк ауылдық округiнiң 2025 жылға арналған бюджет түсiмдерiнiң болжамды көлемi 9800 мың теңге, 2026 жылға 10143 мың теңге, 2027 жылға 10498 мың теңге сомасында белгiлендi.
2025 жылға республикалық бюджеттен 55 мың теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер түсімі жоспарлануда.
2025 жылға аудандық бюджеттен 37332 мың теңге, 2026 жылға 36225 мың теңге, 2027 жылға 36666 мың теңге сомасында субвенция түсiмi жоспарлануда.
Донецк ауылдық округi бюджетiнiң жалпы көлемi 2025 жылға 47187 мың теңгенi, 2026 жылға 46719 мың теңгенi, 2027 жылға 47527 мың теңгенi құрайды.
Нормативтiк-құқықтық актiнiң жобасын қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешiм жобасы порталында «Ашық бюджеттер» бөлiмiнде орналастырылған.