«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27желтоқсандағы № 255/20 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің 2025 – 2027жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістерментолықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына Пресс – релиз

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 және 75-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

  1. 2025 жылғы 1 қаңтардағы қалыптасқан бос қалдықтар:

– 124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасы-1206,1 мың теңге-ҰОС сарбазының ескерткішін қайта жаңартуға .

– 124.001.015 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы-2258,0 мың теңге-жол белгілерін сатып алуға, сметалық құжаттама дайындауға және қоршау сатып алуға.

– 1282,5 мың теңге сомасына 124.001.022 «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы-негізгі құралдарды (тіркеме құрылғысын, ноутбукты, мотопомпаны, электр генераторын, шынжырлы араны) сатып алуға.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2024 жылғы 27желтоқсандағы № 255/20 «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округінің 2025 – 2027жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістерментолықтырулар енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешімінің жобасына Пресс – релиз
Дата публикации
26 февраля 2025