Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 және 75-бабы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
- 124.011.015 «Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру» бюджеттік бағдарламасына - кестеге сәйкес мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығыстарын төлеуге 1509,2 мың теңге сомасында.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған (https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcategory?id=2390729&type=2).