2022 жылдың II тоқсаны бойынша «Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жергілікті атқарушы органы 3 мемлекеттік қызмет көрсетті, оның ішінде:
қағаз түрінде — 0 мемлекеттік қызмет;
қағаз түрінде көрсетілген, бірақ «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін болған — 0 мемлекеттік қызмет;
қызмет көрсетушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген (www.egov.kz, www.elicense.kz «электрондық үкімет» веб-порталдарын қоспағанда) — 0.
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны — 0, «Электрондық үкімет» порталы арқылы — 3 мемлекеттік қызмет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар әзірленіп, қызмет алушылар арасында тарату жұмыстары жүргізілді, 51-ден астам брошюра таратылды.
2022 жылдың II тоқсанында мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесі бойынша 48 адамды қамтыған 1 тікелей эфир өткізілді.
2022 жылдың II тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 55 мемлекеттік қызмет көрсетілді (ЭЦҚ алу, тіркеуге қою, анықтамалар алу, АХАТ хабарламалары, БМГ-ға тіркелу).
2022 жылдың II тоқсанында «Мемлекеттік қызметтер көрсетудің нәтижелілігі мен сапасын басқару» тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан 1 маман өтті.
Ауылдық округ әкімінің аппараты тарапынан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша түсіндіру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижесінде мемлекеттік қызметтерді баламалы негізде — мемлекеттік органда да, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да көрсету мүмкіндігі қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері мемлекеттік орган қызметінің маңызды басымдықтарының бірі болып табылады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Ауылдық округ әкімінің аппаратының көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау жүргізу жөніндегі есебі тоқсан сайын тапсырылады.
Донецк ауылдық округінің әкімі
М. Қахабаев