«Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2022 жылғы 12 айнда көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау жөніндегі есепке талдамалық анықтама

2022 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Донецк ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оныңішінде:

  • қағазтүрінде - 0 мемлекеттік қызметтер;
  • қағазтүрінде, бірақ «Электрондық Үкімет» веб – порталы(немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер-0;
  • көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде көрсетілген («Электрондық Үкімет» веб-порталын қоспағанда www.egov.kz, www.elicense.kz) - 0.

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 0 Мемлекеттік қызмет, «Электрондық Үкімет» порталы арқылы-6 мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша ақпараттық брошюралар әзірленді, көрсетілетін қызметті алушылар арасында тарату бойынша жұмыстар жүргізілді, 190-нан астам брошюралар таратылды.

2022 жылдың 12 айында 281 адамды қамтитын мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету мәселесі бойынша 4 тікелей эфир өткізілді.

2022 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 222 Мемлекеттік қызмет көрсетілді (тұрғылықты жері бойынша тіркелу, ЭЦҚ беру, сотталмағандығы туралы анықтама беру, диспансердің психосынан анықтама беру, наркос диспенсерден анықтама беру).

2 тоқсанда 2022 жылдың маусым айында «Адамдар бірінші: мемлекеттік қызмет сапасын арттырудың практикалық құралдары» тақырыбында мемлекеттік қызмет көрсету саласында біліктілікті арттыру бойынша 1 маман оқудан өтті.

Ауылдық округ әкімінің аппараты «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы арқылы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жоспарлы жұмыс жүргізуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру мен автоматтандырудың нәтижесі мемлекеттік органда да, халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік орган қызметіндегі аса маңызды басымдықтар болып табылады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары түскен жоқ.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша ауылдық округ әкімі аппаратының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын тапсырылады.

Донецк ауылдық округінің әкімі М. Кахабаев

Дата публикации
15 декабря 2023