Чкалов ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы халық алдындағы тұрақты кездесулерінің кестесі
|
2022 ж. сәуір |
|
|
2022 ж. 18 сәуірі сағ. 11.00 |
Новоберезовка а., Н.Т. Қырғызбаевтың жеке үйі. |
|
2022 ж. 20 сәуірі сағ. 10.00 |
Петровка а., «Агрофирма Эксимнан» ЖШС кеңсесі |
|
2022 ж. 25 сәуірі сағ. 11.00 |
Чкалов а., ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты |
|
2022 ж. шілде |
|
|
2022 ж. 13 шілдесі сағ. 11.00 |
Новоберезовка а., Н.Т. Қырғызбаевтың жеке үйі. |
|
2022 ж. 15 шілдесі сағ. 10.00 |
Петровка а., «Агрофирма Эксимнан» ЖШС кеңсесі |
|
2022 ж. 19 шілдесі сағ. 11.00 |
Чкалов а., ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты |
|
2022 ж. қазан |
|
|
12 октября 2022 г. 11.00 ч. |
Новоберезовка а., Н.Т. Қырғызбаевтың жеке үйі. |
|
14 октября 2022 г. 10.00 ч. |
Петровка а., «Агрофирма Эксимнан» ЖШС кеңсесі |
|
18 октября 2022 г. 11.00 ч. |
Чкалов а., ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараты |
Тайынша ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 09 наурыздағы №
қаулысымен бекітілген
|
№ реті |
Айтылған ескертулер / ұсыныстар |
Орындау мерзімі және ескертулерді / ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-шаралар |
Жауапты
|
Ескерту |
|
|
Новоберезовка ауылында абаттандыру бойынша қоғамдық жұмысқа бір бірлік бөлуге бола ма? Қожебекова Қарашаш Сапарқызы, зейнеткер |
2022 жылғы 01 шілде Новоберезовка селосын абаттандыру бойынша қоғамдық жұмысқа бір бірлік бөлу жөніндегі мәселені пысықтасын |
Сәдуақасов Сәкен Төкенұлы, Чкалов ауылдық округінің әкімі |
|
|
|
Өткен жылы Чкалов ауылында Қазыбек би көшесінде жол жөнделді, көше жарығының шамын көбейтуге бола ма? Қабдушев Асқар Сапарұлы, №1 Чкалов ОМ мұғалімі |
2022 жылғы 01 шілде Чкалово ауылындағы Қазыбек би көшесіндегі көше жарығының шамдарының санын арттыру бойынша шаралар қабылдасын |
Сәдуақасов Сәкен Төкенұлы, Чкалов ауылдық округінің әкімі |
|
|
14 ақпан 2022 ж. сағат 10.00 |
Новоберезовка а. – жеке үй Токенова С.М. |
|
22 ақпан 2022 ж. сағат 15.00 |
Чкалов а., Петровка а. https://www.facebook.com/chkalowo.akimat |
|
№ |
А/о атауы |
Тұрғылықты пунктінің атауы |
Тұрғындардың саны |
Орнатылған жәшіктердің саны |
Жәшікті орнату орны |
|
17 |
Чкалов ауылдық округі |
Чкалов а. |
2975 |
8 |
ауылдық округ ғимараты (1 қабат, фойе), №1 мектебі (1 қабат, фойе), №2 мектеп (1 қабат, фойе), «Казпочта» АҚ ғимараты (1 қабат, фойе), «Қазақтелеком» ғимараты (1 қабат, фойе), дәрігерлер амбулаториясы (1 қабат, фойе), Чкалов түзету мектеп-интернаты (1 қабат, фойе), «Чкаловский» СТ (1 қабат, фойе) |
|
Новоберезовка а. |
36 |
1 |
жеке үй |
||
|
Петровка а. |
1258 |
5 |
мектеп ғимараты (1 қабат, фойе), «Агрофирма Эксимнан» ЖШС конторасы (1 қабат, фойе), наубайхана ғимараты (1 қабат, фойе), «Надежда» АҚ конторасы (1 қабат, фойе), Чкалов ӨЭУ (1 қабат, фойе) |
2021 жылдың 20 қаңтарынан 5 ақпанына дейiн барлық деңгейдегi әкiмдердiң есеп беру кездесулерi өтедi. Шектеу шараларының енгiзiлуiне байланысты халықтан келiп түскен сұрақтар мен ұсыныстарды жiберуге болады:
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 қаңтардағы №221 Заңына сәйкес өтiнiш беру кезiнде мiндеттi түрде аты-жөнiңiздi, тұрғылықты мекенжайыңызды, жұмыс орнын көрсету қажет, жасырын өтiнiштер мен ұсыныстар қаралмайды.
Новоберезовка а. — 2021 ж. 22 қаңтар 10.00 с.
Д.Н. Зеиловтiң жеке үйi
Чкалов а., Петровка а. — 2021 ж. 29 қаңтар 12.00 с.
https://www.facebook.com/chkalowo.akimat
| № | А/о атауы | Тұрғылықты пунктінің атауы | Тұрғындардың саны | Орнатылған жәшіктердің саны | Жәшікті орнату орны |
| 17 | Чкалов ауылдық округі | Чкалов а. | 3011 | 8 | ауылдық округ ғимараты (1 қабат, фойе), №1 мектебі (1 қабат, фойе), №2 мектеп (1 қабат, фойе), «Казпочта» АҚ ғимараты (1 қабат, фойе), «Қазақтелеком» ғимараты (1 қабат, фойе), дәрігерлер амбулаториясы (1 қабат, фойе), Чкалов түзету мектеп-интернаты (1 қабат, фойе), «Чкаловский» СТ (1 қабат, фойе) |
| Новоберезовка а. | 38 | 1 | жеке үй | ||
| Петровка а. | 1245 | 5 | мектеп ғимараты (1 қабат, фойе), «Агрофирма Эксимнан» ЖШС конторасы (1 қабат, фойе), наубайхана ғимараты (1 қабат, фойе), «Надежда» АҚ конторасы (1 қабат, фойе), Чкалов ӨЭУ (1 қабат, фойе) |
| Өткізу күні және уақыты | Өткізу орыны |
| 15 қаңтарда с. 12.00 | с. Петровка — «Агрофирма Эксимнан» ЖШС мәжіліс залы |
| 16 қаңтарда с. 10.00 | с. Новоберезовка — Д.Н. Зеиловтің жеке үйі |
| 24 қаңтарда с. 14.00 | с. Чкалово —№ 1 ЧКалов ОМ мәжіліс залы |
| № | Ауылдық округ атауы | Елді мекен атауы | Тұрғындар саны | Орнатылған жәшіктер саны | Жәшікті орнату орыны |
| 1 | Чкалов ауылдық округі | Чкалов а. | 3064 | 8 | ауылдық округ ғимараты (1 қабат, фойе), № 1 мектеп (1 қабат, фойе), № 2 мектеп (1 қабат, фойе), «Қазпошта» АҚ ғимараты (1 қабат, фойе), «Қазақтелеком» ғимараты (1 қабат, фойе), дәрігерлік амбулатория (1 қабат, фойе), Чкалов түзету мектеп-интернаты (1 қабат, фойе), «Чкаловский» СҮ (1 қабат, фойе) |
| Новоберезовка а. | 53 | 1 | жеке үй | ||
| Петровка а. | 1292 | 5 | мектеп ғимараты (1 қабат, фойе), «Агрофирма Эксимнан» ЖШС кеңсесі (1 қабат, фойе), наубайхана ғимараты (1 қабат, фойе), «Надежда» АҚ кеңсесі (1 қабат, фойе), Чкалов ПЭУ (1 қабат, фойе) |
Тайынша ауданы әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған тұрғындардың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарына «Чкалово аулында Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткішін Жеңістің 75 жылдығына күрделі жөндеу жүргізу мүмкін бе» мәселесі енгізілді. Іс-шараның орындалу мерзімі ағымдағы жылдың 25 қыркүйегінде.
«Чкалов ауылындағы Жеңіс саябағындағы ескерткішті абаттандыруға» сметалық құны 3 488 724 (үш миллион төрт жүз сексен сегіз мың жеті жүз жиырма төрт) теңге сметалық құжаттары дайындалды. Қаржыландыру көзі — республикалық бюджет, «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы. Келесі жұмыстар жүргізілді: бетін тегістеу, сырлау, ескерткіш қабырғаларын керамогранит тақтайшалармен қаптау, баспалдақтарды бұрышпен жиектеу, шамдарды орнату. Қабылдау актісі жасалып, Чкалов аулында Ұлы Отан соғысы жауынгерлерінің ескерткішке күрделі жөндеу жүргізілді.
| № | А/о атауы | Тұрғылықты пунктінің атауы | Тұрғындардың саны | Орнатылған жәшіктердің саны | Жәшікті орнату орны |
| 17 | Чкалов ауылдық округы | Чкалов а. | 3134 | 8 | ауылдық округ ғимараты (1 қабат, фойе), №1 мектебі (1 қабат, фойе), №2 мектеп (1 қабат, фойе), «Казпочта» АҚ ғимараты (1 қабат, фойе), «Қазақтелеком» ғимараты (1 қабат, фойе), дәрігерлер амбулаториясы (1 қабат, фойе), Чкалов түзету мектеп-интернаты (1 қабат, фойе), «Чкаловский» СТ (1 қабат, фойе) |
| Новоберезовка а. | 70 | 1 | жеке үй | ||
| Петровка а. | 1312 | 5 | мектеп ғимараты (1 қабат, фойе), «Агрофирма Эксимнан» ЖШС конторасы (1 қабат, фойе), наубайхана ғимараты (1 қабат, фойе), «Надежда» АҚ конторасы (1 қабат, фойе), Чкалов ӨЭУ (1 қабат, фойе) |
Чкалов ауылдық округiнiң аумағында 4670 адамды құрайтын 3 елдi мекен, оның iшiнде 3243 адам Чкалов ауылында, Петровка ауылында 1347 адам, Новоберезовка ауылында 80 адамды құрайды. (1 Диагр)
Аудан әкiмi мен ауылдық округ әкiмiнiң 2016 жылғы қаңтардағы есеп беру кездесуiнде 20 ұсыныс пен ескерту түсiп, оның iшiнде 2 ұсыныс iс-шара жоспарына енгiзiлiп, бақылауға алынды. Ауылдық округi жеке кәсiпкерiнiң айына 1 рет Новоберезовка ауылының тұрғындарына барып, тұрмысқа қажеттi тауарлармен қамтамасыз ету ұсынысы орындалды. Л. Райман ЖК жылы күндерi айына 1 рет көшпелi сауданы жүзеге асырды. Сондай-ақ, Петровка ауылында Ленин көшесi бойынша «Үлкен жүк машиналарына өтуге тиым салынады» жол белгiлерiн қондыру шарасы орындалды. «Жүк автомобильдерiне жүруге тиым салынады» 2 белгiсi орнатылды.
Елдiң экономикалық дамуына аграрлық сектор үлкен рөл атқарады. Бүгiнде ауылдық округте ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiрумен 5 ЖШС, 16 шаруашылық және фермерлiк қожалық айналысады. Егiндiк жер 29529 га құрады, оның iшiнде ЖШС 22842 га, ШҚ мен ФҚ 6697 га тиесiлi, оның iшiнде бидай дақылдары 20124 га, майлы 1318 га, жемдеу 8087 га (2-диагр). К.Б. Жакупов ШҚ, «Аяжан» ФҚ, «ЖК Машлякевич» ФҚ, «К. С. Антаева» ФҚ мал шаруашылғымен айналысады. Аталған қожалықтарда: қара мал 827 бас, оның iшiнде 470 сиыр, ұсақ мал 474 бас, жылқы 324 бас. К. С. Антаева шаруа қожалығы «Құлан» бағдарламасы бойынша 30 бас жылқы алды. Тағы 2 АӨК құрылды: «Жан Бек» 2 бұқа, және «Алтын-2016» 18 бұқа бар. Тұқымдастыруға 592 аналық бас қамтылды.
2016 жылы 3 ауылшаруашылық тауарын өндiрушi субсидиялауға келетiн ауылшаруашылық техникасы сатып алды. «Эксимнан» агрофирмасы» ЖШС: «Лексион 540 комбайнына арналған 2 күнбағыс ору құралын (2014 ж), ҒD-75 модельдi 2 MACDO ору құралы (2016). «Жакупов» ЖҚ: КСД-2.0 «Sterh» (2014 жыл) жем жинау таққыш комбайнын, КСД-2,0, «Sterh» (2016 жыл) жем жинау таққыш комбайнын, «Миксер» жем үлестiрушi. «Машлякевич» ЖҚ: «Полесье» таққыш ору құралы (2015 ж), орамалы пресс жинаушы (2015). Олардан басқа, өз қаражатына «Аяжан» ШҚ 2001 жылғы «Дон 1500Б» 2 комбайнын сатып алды.
«Жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушысы В. В. Воробьев жаңа өндiрiс ашты: қуаты ауысымына 500 кг жартылай фабрикаттар дайындайтын цех (түспара, вареник, тефтели, котлет, тартылған ет). 5 жұмыс орнын құрылды, болашақта 10-15 адамға дейiн жұмыс орны ұлғаяды. Жартылай фабрикаттра өндiру үшiн шикiзатты кәсiпкер халықтан сатып алады. «Бизнестiң жол кратасы 2020» бағдарламасы 1 бағытының қатысушысы Л.А.Виховская жеке кәсiпкерi кондитер цехiне жабдық сатып алды. Мемлекеттiк қолдаудың екi құралы қамтылды — пайыздық ставканы субсидиялау және кепiлдiк ету. «Баракат» ЖК жаңа өндiрiсiнде 3 жұмыс орны құрылды.
«К.Б.Жакупов» ШҚ ет өндеу жөңге салынды. Қуаты 700 кг-ге дейiн ет өңдеу кәсiпорыны ауысымына 11-ден астам ет өнiмдерiн: түрлi сүрлер, шұжықтың бiрнешi түрi, тұшпара, тартылған ет, сорпа жиыны және т.б. өндiредi. Кәсiпорын заманауи ресейлiк және немiс құралдарымен жабдықталған. Жыл сайын шаруашылықта өндiру базасы кеңеюде, 550 басқа сиыр орны, 450 бас iрi қара малды жемдеу орны, биелерге арналған сауу орны, қымызға құю цех, 700 басқа қой орны, 200 басқа бұзау және БЦС-50 мехток бар.
«Надежда СК» ЖШС тұрғындардан 304 млн 461 мың теңгеге 5230 тонна сүт, оның iшiнде ауылдық округ тұрғындарынан 35 миллион 816 мың тенге 630 тонна сатып алды. Алынған сүттен 226 тонна сары май, 266 тонна сүзбе, 372 тонн сүт өндiрiлдi. Барлық өнiмнiң құны 354 миллион 877 мың теңгенi құрады.
Жергiлiктi пунттердiң аббаттандыру жөнiндегi жұмыстар күн жылынғаннан басталады. Мектеп ұжымдары мектеп жанындағы ауланы жинаудан басқа, жыл сайын «Жеңiс» паркiнiң аумағын, Көкшетау-Омбы трассасының жиегiн жинайтының атап кеткiм келедi. Бiрнеше жылдан Жеңiс паркiнiң ортаңғы алаңында гүл отырғызылады, 2016 жылы 500-ден артық петуния гүлi отырғызылды. Үшайлық щеңберiнде мектептер, бала бақша, ауылдық аурухана, Чкалов телебайланс торабы, «Тұлпар», «Гермес» дүкендерi басқа кәсiпорындар, дүкендер мен кафелерге қарағанда өз алаңдарына жататын жерде гүлдер отырғызуда. Басты проблемалық мәселелердiң бiрi Чкалов ауылының қоқыс тастайтын жерi болып табылады. Көрсеткiш тұрғанға қарамастан, тұрғындар қоқыстарын бiрден жолға тастап кетуде. Жыл сайын қоқыстар үйiндiсi жүргiзiледi. Бүгiнгi күнде, ауылдық округi әкiмiнiң аппараты және «Эксимнан» агрофирмасы» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы мемлоандумға қол қойылды. Келiсiм мақсаты қыс мезгiлiнде аудандық маңызы бар автомобильдер жолын, сондай-ақ, ауыл iшiндегi жолдарды тазалау бойынша әлеуметтiк көмек көрсету щеңберiндегi ынтымақтастық болып табылады. Омбы-Көкшетау автомобиль жолын күту жұмыстарын «Урал» арнайы қар тазалау автомашинасы және 2 автогрейдерi бар «Казахавтодор» ЖШС №7 ДЭП жүргiзедi.
Бiлiм берудiң мазмұнын жаңарту — жақындағы 4 жылда бiлiм беру жүйесiнiң маңызды мiндетi. 2016 жылдың 1 қыркүйегiнен бастап бiрiншi сынып оқушылары (қанша) оқудың 12-жылдық моделiмен оқытылуда. Ауылдық оркгуте 3 жалпы бiлiм бiретiн мектеп бар, оның 1-уi мемлекеттiк тiлде бiлiм бiредi. Жалпы оқушылар саны 764 оқушы, 114 мұғалiм, 97 адам техникалық персонал қызмет етедi. Түзету мектеп интернатында 91 бала бiлiм алып, тәрбиеленуде, 26 мұғалiм, 20 тәрбиешi, 41 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. «Айгөлек» балабақшасында 50 бала тәрбиеленуде, қызметкерлер штаты 24 адам құрады. Мектеп жанындағы шағын орталықтарда 70 бүлдiршiн тәрбиеленудi, 7 тәрбиешi, 8 техникалық қызметкер жұмыс iстейдi. Соңғы жылдары «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша №1 Чкалов орта мектебiне 1 жас мұғалiм келдi. 2017 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша №1Чкалов ОМ ғимаратының терезелерi мен кiреберiс жерiн ауыстыру жоспарлануда. Кедей отбасылардың балаларына: «Мектепке жол» акциясы (сумма), жылы тамақтандыру және жазғы демалыс ұйымдастыру секiлдi қолдау көрсетiледi.
Бiлiм беру сапасының басты көрсеткiштерiнiң бiрi Бiрiңғай ұлттық тестiлеудiң нәтижелерi болып табылады. БҰТ орташа баллы №1 Чкалов ОМ — 66,6, №2 Чкалов ОМ — 73, Петровка ОМ — 57 құрады. №1 және №2 Чкалов орта мектебiнiң 24 түлектерi Қазақстан мен Ресейдiң ЖОО-на және колледждерiне грантқа түстi.
Педагогтар-жаңашылдарды — педагогикалық форумдардың, марафондардың, конкурсттардың қатысушыларын атап кеткiм келедi. Петровка ОМ мұғалiмi Л. Қозбағарова Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне арналған инновациялық жобалардың облыстық фестивальiнде үздiк болып танылды. Аудандық семинарда кәсiби щеберлiктiң жоғары деңгейiн Б. Досмуханова (№2 Чкалов ОМ) көрсеттi. Мұғалiмдердiң желiлiк қоғамдастығының аудандық координаторы iлгерi деңгейдiң ұстазы А. Курочка (№1 Чкалов ОМ) болып табылады. №1 және №2 Чкалов орта мектептерiнiң оқушылары олимпиаданың аудандық турларында өз көрсеткiштерiн өткен жылмен салыстырғанда жақсартты. №1 Чкалов орта мектебiнiң «Махаббат және шығармашылық педагогикасы» он күндiгi iшiнде шығарылған «Өз-өзiн тану» жинағы белгiлендi. Электрондық оқыту аясында өтiлетiн дистанциондық конференцияларға, кеңестерге белсендi қатысқаны үшiн №2 Чкалов ОМ белгiлендi. №2 Чкало ОМ мұғалiмдерi Б. Бөгенбаев жәе Ш№ Шырылдақова, Петровка ОМ Л. Қозбағарова ИКТ технологиясын пайдаланып жоғары әдiстемелiк деңгейде он-лайн режимiнде шебер көрсеттi. «Ақшақар-2016» бағдарламасында футзал бойынша дайындықта Петровка ОМ дене тәрбиесi мұғалiмi А. Б. Танашевтың жұмысы аталды.
2016 жылы Чкалов арнайы түзету мектеп-интернаты мемлекеттiк аттестациялаудан өттi. Жағымды жағдайларға қоса, жағымсыз жақтар да бар: 2016 жылдың қараша айында Петровка орта мектебi аттестациялаудан өте алмай, 2017 жылдың ақпан айында қайта аттестацияланады.
Тұрғындарға 7 дәрiгер, 32 орта медициналық қызметкер, 27 техникалық қызметкер қызмет етедi.
Ауыл округiнiң аумағында 3 дiни бiрлестiк тiркелген. Мiндеттiк қызметтi 4 адам атқарады. Есептегi жылда Қожағұл Махмет Қажы мешiтiнiң имамы Н. С. Тасбулатов әлеуметтi iс-шараларды өткiзуге үлкен көмек көрсеттi. Бұл қарт адамдар мен мүгедектердi қолдау айы кезеңiндегi iс-шаралар және Балаларды қорғау күнiне мүгедек балаларға арналған iс-шаралар. Ауыл округiнде кiтап қоры 52352 дана ауылдық кiтапхана жұмыс жасайды. Абонемент, балалар әдебиетiнiң залы, оқу залы бар. 2016 жыл iс-шаралар мен мерейтойлық күндерге бай. Бұл мәжiлiс сайлауы, Ұлы Отан соғысына 75 жыл, Солтүстiк Қапзақстан облысына 80 жыл, Петровка және Новоберезовка ауылдарына 80 жыл, А. Бөкейханға 150 жыл, Қазақстан Республикасының Тәуелсiздiгiне 25 жыл және Алматыдағы желтоқсан оқиғаларына 30 жыл. Осы ерекше күндерге бiрнеше iс-шаралар арналған. Жылсайын кiтапханашылар ақпараттық-насихаттау тобының құрамында ҚР Президентiнiң Жолдауын түсiндiру бойынша iс-шаралар өткiзедi. Осы жылы өткiзген ең сәттi шаралардың бiрi ретiнде «Өткен жылдар, алтын жылдар» кездесу кешi, «Славлю имя твое, женщина» ток-шоуы, «Руханишылық — бейбiтшiлiк кепiлi» дiни диалогы, «Отан бiздiң жүрегiмiзде» тарихи-патриоттық оқылымдар, «Әрдайым кiтап бар болсын» кiтаптық антураж, «Өз өлкендi танып, бiл№ СҚО-80» кiтапханашылық саяхат, А. Бөкейханның 150-жылдығына арналған «Уақыт туралы және өзiм туралы» тарихи шындық сабағы, «Б. Бабатайулы Өсиетнама жыл кiтабы» кiтабының бенефисiн атауға болады. Кiтапханада тұрақты түрде әрекет ететiн «Қазақстан бұл бiз», «Бiз — Қазақстанның болашағымыз» атты кiтап көрмелерi әзiрленген, онда бiздiң республикамыздың саяси, экономикалық және мәдени жағдайлары туралы баяндалған әдебиеттер, кезектi басалымдар, фотоқұжаттар ұсыныл,ан.
Ауылдық округте спортты дамытуға ерекше көңiл бөлiнуде. Оның дәлелi жазғы «Ақ бидай» спорттық ойындары. Ауылдық округте 2 корт, стадион, күрес залы, шығыс бiрыңғай күрес клубы, «Дебют» шахмат-дойбы клубы, мәдениет үйiнде спорт залы, ауылдық округ мектептерiнде 3 спорт залы бар. 2016 жылдығ 2 шiлдесi мен 25 тамыз аралығында Қазақстан Республикасының аумағы бойынша Қытай, Монғолия, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, сондай-ақ, Оңтүстiк Шығыс Азия мемлекетiрiн бiрiктiретiн «Бейбiтшiлiк жүгiрiсi» атты халықаралық факельдi эстафетасының Азиялық-Тынық мұхиттық тарау өттi. «Бейбiтшiлiк жүгiрiсi» — спортты, дене тәрбиесi мен салауатты өмiр салтын дәрiптеушi, бейбiтшiлiк, достық, үндестiк және бiрлестiк әкелетiн, спорттық-гуманитарлық iс-шара. 24 тамыз күнi факельдi шеру қатысушыларын бiздiң ауылдық округте қарсы алдық. Петровка орта мектебiнiң оқушылары мен мұғалiмдерi отты тапсыруда қатысты. Олар жаңған факельмен өту немесе оны жай ғана қолда ұстап, өзiнiң жақсы жiгерiн бiлдiрiп, бейбiтшiлiк туралы арманын тiлеу мүмкiндiгiн алды. Митингте Ресей, Қазақстан және Қырғызстан өкiлдерi құттықтау сөз сөйледi. Шерудiң қатысушылары халық арасындағы бейбiтшiлiк пен келiсiм туралы жақсы iлтипаттарын орыс, қазақ, ағылшын және қырғыз тiлдерiнде бiлдiрдi.
Чкалов, Петровка және Новоберезовка ауылдары №19 әкiмшiлiк учаскесiн құрайды, Тайынша ауданының IIБ жергiлiктi полиция қызметi полициясының учаскелiк инспекторлары полиция майоры Р. К. Сыздықов және полиция капитаны С. Ж. Қожебеков қызмет етедi. 2016 жылы олар 187 әкiмшiлiк хаттама толтырып, 1 050 000 теңге сомасына айыппұл салған. ШМБ (шартты мерзiмiнен бұрын босатылғандар) желiсi бойынша есепке 3 адам алынды. Қоғамнан оқшауланғанмен байланысты емес байқау есебiнде 7 адам тұр. Қызмет ететiн әкiмшiлiк учасесiнде 28 қылмыс жасалып, бүгiнгi күнде 5 ұрлық әшкерленбеген.
2014 жылы жергiлiктi өзiн-өзi басқаруды дамытудың тұжырымдамасына қосымшалар енгiзiлдi — бұл жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына қосымша қызметтер беру: мүлiктi бөлу, өз бюджетiн құру және ауыл округiнiң барынша маңызды мәселелерiн шешуде халықты тарты мақсатында жергiлiктi қоғамдастық құру. Ауылдық округтiң бақылау есеп шотына 6555,5 мың теңге түстi. Жергiлiктi қоғамдықтың жиналысымен шешiм қабылданып: 2958,0 мың теңге көшелердi жарықтандыру үшiн электр энергиясын төлеуге, 178,5 мың теңге көктемгi жинау жұмыстарына, 456,0 мың теңге Петровка ауылындағы Ленин көшесiне жол белгiлерiн қоюға, 180, 0 мың теңге көгалдандыруға, 518,0 мың теңге музыкалық аппаратураға, 150,0 мың теңге сметалық құжаттар жасауға жұмсалды. «Аймақтарды дамыту» бағдарламасы бойынша 4610,0 мың теңге бөлiндi, оның 1045, 0 мың теңгесi Петровка ауылындағы балалар ойын алаңының құрылысына, 3565,0 мың теңге Чкалов ауылындағы Мир көшесi мен Петровка ауылындағы Центральный көшесiн жөндеуге жұмсалды.
Есептегi кезеңде заңды тұоғалардан 2 өтiнiш және жеке тұлғалардан 23, оның iшiнде 14-i жеке қабылдауда түстi. Оның iшiнде жер және жер пайдалану мәселелерi бойынша — 11, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету (жарықтандыру, қаңғыбас иттердi ұстау, жалғыз бастыларға көмек көрсету) — 14.
2016 жылы салықтар мен мен бюджетке басқа мiндеттi төлемдердiң түсiмi 6 202 765 теңге құрады. Есептегi кезеңде мүлiк салығы 94684 теңгенi (139,4%), жер салығы 362988 теңгенi (107,3%), көлiк салығы 5745093 теңгенi құрайды. Бақылау есеп шотына 6555487 теңге түстi.
Әскери есепте 739 әскери мiндеттi, оның iшiнде 19 офицер және 619 солдаттар мен сержанттар тұр. Әскери қызметке шақырылғандар есебiнде 101 адам. Көктемгi және күзгi шақыруда Қарулы күштерге 12 адам шақырылды. Қорғаныс iстерi жөнiндегi Тайынша бөлiмiнiң шақыру учаскесiне 1999 жылы туған 25 адам жазылды.
Әлеуметтiк жаңғыртудың негiзгi басаламдықтарының бiрi жұмыспен қамту саласын дамыту болып табылады. Жұмысқа орналастыру мәселесi бойынша 90 адам хабарласты, оның 84-iнiң 3-уi мүгедек жұмысқа орналастырды. Жаңа тұрақты жұмыс орындарына 46 адам орналастырылып, бұдан бұрын құрылған жұмыс орнына 3 адам, қоғамдық жұмыстарға 35 адам. (4-диагр).
2016 жылы 18 жасқа дейiнгi балаларға мемлекеттiк балалар жәрдемақысын алу үшiн 50 өтiнiм берушi отбасы хабарласып, жалпы 949,3 теңге сомасына 154 балаға жәрдемақы төлендi. Мекенжайлық әлеуметтiк көмектi жалпы 1541,3 мың теңге сомасына 116 адамға 34 отбасы алды. (5-диагр). «Өрлеу» жобасын iске асыру шеңберiнде жұмыспен қамтуға көмектесудiң белсендi шараларына 4 адам тартылып, 4 әлеуметтiк келiсiм-шарт жасалды, жалпы 588636 теңге сомасына аталған ақша көмегi төлендi.
Ауыл округiнiң аумағында үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмi жұмыс жасайды. 13 әлеуметтiк қызметкер 69 қарт адамға, оның iшiнде 3 адам 1-2 топ мүгедектерiне арнайы әлеуметтiк қызметтер көрсетедi. Сонымен қатар, мүмкiндiктерi шектеулi бабалардың күтiмi бойынша ақтау кобинетi бар. Мүгедек балалар күтiмi бойынша 2 әлеуметтiк қызметкер 9 балаға қызмет жасайды.
Ауыл округiнде 661 зейнеткер, оның iшiнде 70 тыл ардагерлерi, 23 — 1-топ мүгедектерi, 54 — 2-топ мүгедектерi, 7 — 3-топ мүгедектерi, 11 — мүгедек балалар мұрады. 69 жеке бас және жеке тұратын зейнеткерлерге үйде әлеуметтiк қызмет көрсету бөлiмi қызмет етедi. Сондай-ақ, ауылдық округте «Алтын алқа», «Кұмiс алқа» алқаларымен мрапатталған 43 көп балала аналар, 18 жасқа дейiнгi 4 және оданда артық балалары бар, 26 көп балала отбасы тұрады.
Әрине, халық арасында қоғамдық-саяси жағдайдың тыныштығын сақтауда ауыл округiнiң Қоғамдық Кеңесi мен ардагерлер Кеңесiнiң рөлi ерекше. Ақсақалдар көптеген шиеленiскен мәселелердi шешуге көмектесiп, әруақытта жастарға тәлiмгер және елiктеу өнегесi болады. Бiздiң ардагерлерiмiздiң қоғамдық өмiрдегi көмегi шексiз. Кәсiби емес медиаторлар: Т. А. Торчик, Т. К. Садвокасов., Ф. Л. Карнаухова, К. Е. Махметжанова, Л. С. Котвицкая. Белсендi қоғамдық жұмыстарды А. М. Юрковская, М. Ш. Қайырбекова, Г. М. Андрусенко, Г. С. Бондаренко, Л. И. Бакка, К. Е. Махметжанова. Бiздiң зор мақтанышымыз — бұл ардагерлер хоры№ хордың ұйымдастырушысы және шығармашылық басшысы — ауыл округi ардагерлерi Кеңесiнiң төрайымы Т. А. Торчик. Олардың қатысуынсыз бiрде-бiр қоғамдық iс-шара өткiзiлмейдi.барлық мерекелiк күндеру бiлесiп iс-шаралар ұйымдастырамыз. Ардагерлер кеңесi қарт адамдар мен мүгедектерге әлеуметтiк қолдау көрсету айлығы кезеңiнде үлкен жұмыс атқарды. Округтiң 12 ұйымы бұрынғы қызметкерлерiмен кездесулер өткiздi. 153 қарияға үйлерiне барып сыйлықтар таратылды, 220 зейнеткер «Ай Ару» кафесiне мерекелiк асқа шақырылды. Түрлi iс-шаралардың демеушiлерi — 60, бұл кәсiпорындар мен ұйымдар, ШҚ, ФҚ, ЖК. Мектептерде ата-апалардың қатысуымен сыныптан тыс сағаттар, балалар және үлкен жастағы адамдардың бiрлескен шығармашылық көрмелерi, концерттер өткiзiлдi. Айлық кезеңiнде Флячинский В. Ф. ЖК Тайынша қаласына дейiн жол ақы билетiнiң құны 50 %, Шаулканов ЖК 25 зейнеткерге тегiн монша, шаштаразшылар 12 зейнеткерге тегiн шаш қиюын ұйымдастырды. «Эксимнан» агрофирмасы» ЖШС 48 жалғыз басты зейнеткерлерге 15 бөлкеден, 40 мүгедекке — 30 бөлкеден нанға таллон бердi. Жыл iшiнде Р. А. Каюмов ЖК «Адонис» дәрiханасы, О. В. Галицкая, Л. Н. Качановская, И Соколовская шаштаразшылары 10 % жеңiлдiкпен зейнеткерлерге қызмет көрсетедi. Спорттың дамуына, оған жас ұрпақты, балалар мен немерелердi тартудың үлкен рөлiн округтiң спорт ардагерлерi Владимир Николаевич Черный, Бахытжан Балабиевич Қажыбаев, Орынбай Сейлханович Сейiтов атқарады. Олардың басшылығымен ауыл округiнiң құрама командасы «Ақ бидай 2016» аудандық спорттық ойындарында 1-шi орынға ие болды. Чкалово ауылындағы хоккей кортының құрылысы және жыл сайынғы сумен мұздатылуы — бұл Б. Б. Қажыбаевтың, Р. М. Искандаровтың арқасы. О. С. Сейiтов «Дебют» шахмат-лойыбы клубында сабақ бередi. Ауылдық округте мерекелiк күндерге турнилер және өңiрлiк турнирлер өткiзу дәстүрге айналды. Жыл басынан ардагерлер кеңесi ауыл округi әкiмiнiң аппаратымен бiрге 54 ардагерлер-мерейтойшыларды құттықтады. «Барлығы рахмет үшiн» атты акциямыз жақсы дәстүрге айналды. Ардагерлер мүгедек балалар, Чкалов арнайы мектеп интернатының оқушылары, кедей отбасыларға киiм-кешек жинады. Ардагерлер Кеңесiнiң бастамашылығымен ауылдық округте мемлекет пентуған өлкенiң тарихынан сыр шертетiн музей ашылды. Есептегi жылдың жазғы кезiнде ауыл округiнде ауданның бiрiншi ардагерлер ұйымының семинар-кеңесi өткiзiлдi. Чкалов ауылдық округiнiң ардагерлер ұйымы Тайынша ауданының ең үздiк ардагерлер ұйымы боп танылды.
Проблемалық мәселелердi шешу, халықтың өмiрiн жақсарту үшiн жергiлiктi қоғамдастықпен бiрге үлкен жұмыс алда тұр. 2017 жылға жоспарлар бар: Чкалов ауылында обелис пен Петровка ауылында ескерткiштiң жөндеу жұмыстарын өткiзу жоспарлануда. Сондай-ақ, Чкалов ауылында 2 спорттық алаңдары мен Петровка ауылындағы спорттық алаңының құрылысы, Чкалов ауылында тағы бiр ойын алаңын салу, ауыл iшiндегi жолдардың жөндеу, көшенi жарықтандырудың ағымдағы жөңдеу жұмыстары жоспарланып отыр.
Құрметтi жерлестер! 2017 жыл — Чкалов ауылына мерейтойлы жыл, 85 жылға толады. Ауыл округiнiң әр тұрғыны, барлық кәсiпорындар мен ұйымдар мерейтойды жақсы тамашалауға бар күштерiн салады деп ойлаймын.
Ауыл округiнiң барлық ауылдастықтары мен тұрғындарға аянбайтын еңбектерi үшiн үлкен алғыс бiлдiремiн, сiздерге және жанұйларыңызға бақыт, табыс және береке-амандық тiлеймiн.