Осы нормативтік-құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты — мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Чкалов ауылдық округінің 2021-2023 жылдарға арналған бюджет кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ескере отырып, 2018-2019 жылдардағы есептелінген және төленген салық сомалары, 2020 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабының негізінде есептелген.
Чкалов ауылдық округінің 2021 жылға арналған бюджет түсімдерінің болжамды көлемі 10001 мың теңге, 2022 жылға — 10501 мың теңге, 2023 жылға — 11027 мың теңге сомасында белгіленді.
2021 жылға аудандық бюджеттен 23347 мың теңге, 2022 жылға — 23570 мың теңге, 2023 жылға — 23803 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарлануда.
Чкалов ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 2021 жылға 33348 мың теңгені, 2022 жылға 34071 мың теңгені, 2023 жылға — 34830 мың теңгені құрайды.
Нормативтік-құқықтық актінің бекітуін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім бекітуі«Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.
Чкалов ауылдық
округі әкімінің м.а. С. Сәдуакасов
Проект
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 08 желтоқсандағы № 332 «2020 - 2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 106-бабының 1-тармағына, 109-1-бабының 1-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 08 қаңтардағы № 332 «2020 - 2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің бюджеті туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің 2020 - 2022 жылдарға арналған бюджеті тиісінше осы шешімге 1, 2 және 3 қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2020 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1-тармақта:
1), 2) -тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«1) кірістер — 78018 мың теңге:
2) шығындар — 78019,7 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттендіру — 0 мың теңге;
4) қаржылық активтермен операциялар бойынша — 0 мың теңге;
5) бюджеттің дефициті (профициті) — 1,7 мың теңге;
6) бюджеттің дефицитті қаржыландыру (профицитті пайдалану) — 1,7 мың теңге;
Көрсетілген шешімнің 1-қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
XXХІІ сессиясының төрағасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихатының
хатшысы
2020-2022 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов селолық округінің бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының 2020 жылғы 08 қаңтардағы №332 шешіміне өзгерістер еңгізу туралы» мәслихат шешімінің жобасына
пресс – релиз
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 109-бабы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1-тармағы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты — мемлекеттік органдардың және оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Салықтық түсімдер бойынша қолда бар бос қалдықтар есебінен ауылдық округ бюджетінің кіріс және шығыс бөлігін ұлғайту аудандық бюджетті нақтылау көзі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Чкалов ауылдық округінің әкімі С. Садвакасов
2019 жылдың 14 қарашадағы Чкалов ауылдық округi әкiмiнiң № 20 шешiмi
2020-2022жылдарға арналған
Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы
Чкалов ауылдық округi
Бюджетiн жобасы
«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексiнiң 75-бабының 1-тармағына сәйкес ауылдық округ әкiмi ШЕШIМ қабылдады:
Ауылдық округтiң әкiмi С. Сәдуакасов
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджетiн бекiту туралы» Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешiмi пресс-релиз
Осы нормативтiк-құқықтық актiнi қабылдау қажеттiлiгiнiң негiздемесi Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексiнiң 9 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы»Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешiмдi қабылдаудың мақсаты-мемлекеттiк органның мiндеттерiн iске асыру, ауылдық округтiң әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Чкалов ауылдық округiнiң 2020-2022 жылдарға арналған бюджет кiрiстерi Қазақстан Республикасы Салық кодексiнiң ережелерiн және басқа да нормативтiк-құқықтық актiлердi ескере отырып, 2017-2018 жылдардағы есептелiнген және төленген салық сомалары, 2019 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексiнiң 52-1-бабының негiзiнде есептелген.
Чкалов ауылдық округiнiң 2020 жылға арналған бюджет түсiмдерiнiң болжамды көлемi 16807 мың теңге, 2021 жылға — 17647 мың теңге, 2022 жылға — 18354 мың теңге сомасында белгiлендi.
2020 жылға аудандық бюджеттен 16335 мың теңге, 2021 жылға — 16179мың теңге, 2022 жылға — 16140 мың теңге сомасында субвенция түсiмi жоспарлануда.
Чкалов ауылдық округi бюджетiнiң жалпы көлемi 2020 жылға 33142 мың теңгенi, 2021 жылға 33826 мың теңгенi, 2022 жылға — 34494 мың теңгенi құрайды.
Нормативтiк-құқықтық актiнiң бекiтуiн қабылдау терiс әлеуметтiк-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешiм бекiтуi «Электрондық үкiмет» порталында ашық НҚА бөлiмiнде орналастырылған.
Чкалов ауылдық округi әкiм С. Сәдуакасов
Аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң әкiмдерi осы Кодекстiң 136 (елдi мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 144 (бiрiншi (тұтынушылардың жылуды пайдаланатын қондырғылары бөлiгiнде) және екiншi бөлiктерiнде), 146, 147, 172 (бiрiншi, үшiншi және төртiншi бөлiктерiнде) (барлық қуаттардағы қазандықтардың жылу-механикалық жабдығын және жылу желiлерiн (магистральдық, орамiшiлiк) пайдалану бөлiгiнде), 204, 301 (барлық қуаттардағы қазандықтар және жылу желiлерi (магистральдық, орамiшiлiк) бөлiгiнде), 303 (барлық қуаттардағы қазандықтар бөлiгiнде), 304, 305 (жылу желiлерiнiң (магистральдық, орамiшiлiк) күзет аймақтары бөлiгiнде), 320 (төртiншi, бесiншi және алтыншы бөлiктерiнде), 339 (елдi мекен аумағында жеке тұлғалар (жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiн қоспағанда) жасаған құқық бұзушылықтар бөлiгiнде), 386, 408, 409 (сегiзiншi, тоғызыншы, оныншы және он бiрiншi бөлiктерiнде), 491, 505-баптарында көзделген, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердiң, ауылдардың, ауылдық округтердiң аумағында жасалған әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.