Меню

Страницы

Статья

Пресс – релиз    «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешіміне

Осы нормативтік — құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 9-1, 75-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Чкалов ауылдық округінің 2024-2026 жылдарға арналған бюджет кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ескере отырып, 2024-2026 жылдардағы есептелінген және төленген салық сомалары, 2023 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабының негізінде есептелген.

Чкалов ауылдық округінің 2024 жылға арналған бюджет түсімдерінің болжамды көлемі 22290 мың теңге, 2025 жылға – 23780 мың теңге, 2026 жылға – 24875 мың теңге сомасында белгіленді.

2024 жылға аудандық бюджеттен — 215300 мың теңге, 2025 жылға –

42300 мың теңге, 2026 жылға – 42100 мың теңге сомасында субвенция түсімі жоспарлануда.

Чкалов ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 2024 жылға 237600 мың теңгені, 2025 жылға 66100 мың теңгені, 2026 жылға – 67000 мың теңгені құрайды.

Нормативтік-құқықтық актінің бекітуін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

 Ауылдық округ әкімі С.Т. Сәдуақасов

Дата публикации
28 декабря 2023
Дата обновления
28 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру
Ақпарат
16 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешіміне Пресс – релиз
Ақпарат
08 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы