Чкалов селолық округi 1997 жылы құрылды.
1936 жылдан 1993 жылға дейiн — селолық халық депутаттарының кеңесi, 1993 жылдан 1997 жылға дейiн — селолық әкiмшiлiк боп аталынды.
Чкалов селосы 1932 жылы құрылды, Блюхерово деп аталды. 1939 жылда Чкалов деп қайта аталып, Чкалов ауданы құрылды. Петровка және Новоберезовка селолары 1936 жылда құрылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсiздiгiнiң 20 жылдығы тойлау жылында тамыз айында Петровка және Новоберезовка көшiп келушiлер поселкелерiнiң құрылғанына 75 жыл көңiлдi мерейтойы атап өтiлдi.
1944 жылы Чкалов ауданы Кокшетау облысының құрамына кiрдi. 1997 жылдың мамыр айынан Чкалов ауданы жаңа құрылған Тайынша ауданының құрамына және Солтүстiк Қазақстан облысына кiрдi.