Меню

Страницы

Статья

Чкалов ауылдық округінің 01.01.2022 жылға әлеуметтік-экономикалық төлқұжаты

Ауылдық округ әкімі – Сәдуақасов Сәкен Төкенұлы, 25.03.1973 жылы туған, Көкшетау ауыл шаруашылық институтын 1996 жылы инженер-механик мамандығы бойынша бітірген, ұлты – қазақ. 2016 жылдың 12 қазанынан 2020 жылдың 13 қазанына дейін Чкалов ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды, өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты қызметінен босатылды. 2020 жылғы 21 қазаннан бастап "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ-нің ұйымдастыру жұмысы және ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі құрылымдық бөлімшесінің бас маманы. 2021 жылдың 18 маусымынан бастап Чкалов ауылдық округінің әкімі.

Чкалов ауылдық округі 1997 жылы құрылған.

Ауылдық округ аумағында 3 елді мекен орналасқан: Чкалов, Петровка, Новоберезовка.

Ауылдық округтің орталығы — Чкалов ауылы. Ауылдық округтің аумағы – 600 шаршы шақырым.

Әкімшілік-аумақтық бөлініс:

аудан орталығының атауы Тайынша қаласы

ауылдық округ орталығының атауы Чкалово ауылы

облыс орталығына дейінгі қашықтық: 225 км

аудан орталығына дейінгі қашықтық: 60 км

ең жақын ауданға дейінгі қашықтық 25 км

барлық елді мекендер 3

Халық саны

Қала тұрғындарының саны 4269 адамды құрайды. Тұратын интернационалист жауынгерлердің саны — 4, зейнеткерлер – 659, мүгедектер – 100, аз қамтылғандар – 7, көп балалы отбасылар – 74. Еңбекке қабілетті халық – 2334, оның ішінде жұмыссыздар – 32, жұмыссыздық деңгейі – 1,4%.

Ұлттық құрамы

қазақтар 1572 адам немесе 36,8%

орыстар 761 адам немесе 17,8%

украиндар 315 адам немесе 7,4%

немістер 215 адам немесе 5,1%

басқа ұлттар 1406 адам немесе 32,9%

Табиғи ресурстар

Пайдалы қазбалар — жоқ

Су ресурстары — жоқ

Орман алқаптары — жоқ

Күзетілетін аймақтар — жоқ

Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының саны, барлығы: 35, оның ішінде ЖШС – 5, ШФҚ – 16, ЖК – 14. Ірі агроқұрылымдар: "Агрофирма Эксимнан" ЖШС, "Данияр бидай" ЖШС, "Бидай ST" ЖШС.

Ірі қара мал саны — 2951 бас, оның ішінде сиыр – 1605 бас, қой мен ешкі — 3634 бас, жылқы – 933 бас, шошқа – 2782 бас, құс — 13166 бас.

Телефон байланысы

Барлық елді мекендермен телефон байланысы қамтамасыз етілген (100%). Станциялардың іске қосылған нөмірлік қуаты барлығы 1426, оның ішінде жеке тұлғалар – 1331, заңды тұлғалар — 95 нөмір, ауылдық округ бойынша телефондандыру пайызы — 93,5%.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

Чкалов ауылдық округі ауылдарының тұрғындары орталықтандырылмаған құбырлы құдықтардың суын пайдаланады.

Кәсіпкерлік

Қазіргі уақытта ауылдық округте 145 ШОБ субъектісі тіркелген, оның ішінде 7 ЖШС (оның ішінде ауыл шаруашылығы — 5, сүт сатып алу және өңдеу – 1, жер қойнауын пайдалану — 1), 122 ЖК (оның ішінде ауыл шаруашылығы — 14, сауда, қызмет көрсету — 108), 16 шаруа және фермер қожалығы.

Білім

Білім беру мекемелерінің желісі 3 жалпы орта білім беретін мектептерден тұрады, оның ішінде мемлекеттік тілде – 1, орыс тілінде – 2, арнайы түзету мектеп-интернаты – 1.

Жалпы білім беретін мектептерде 663 оқушы. 3 шағын орталық жұмыс істейді, онда 54 бала оқиды. Чкалово ауылында 50 орындық "Айгөлек" балабақшасы жұмыс істейді, 50 бала оқиды. Мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген, телефондандырылған, "Интернет"желісіне қосылған. Чкалов арнайы (түзету) мектеп-интернатында 84 оқушы.

Денсаулық сақтау

Емдеу желісі 1 — ОДА, 1 фельдшерлік — акушерлік пункт. Денсаулық сақтау мекемелері телефондандырылған, қажетті медициналық жабдықтармен жабдықталған.

Чкалов СВА жанында зертхана, ЭКГ кабинеті, гинекологиялық кабинет, егу кабинеті, дені сау бала кабинеті, емшара кабинеті, рентген, флюорография кабинеті, жалпы практика дәрігерінің 3 кабинеті, педиатр дәрігердің 1 кабинеті, күндізгі стационар бар. Чкалов ОДА жанында 2 бірлік автокөлік бар. Халыққа 5 дәрігер, 27 орта медперсонал, 18 кіші медперсонал қызмет көрсетеді.

Мәдениет және спорт

Чкалов және Петровка ауылдарында ауылдық кітапханалар жұмыс істейді. Келесі спорт нысандары бар: "Дебют" шахмат клубы, 2 хоккей корты, ауылдық округ мектептерінде 4 спорт залы, Чкалово ауылының Жеңіс саябағындағы стадион, "Ирбис" балалар спорт клубы, Петровка ауылында күрес залы, мәдениет үйінде спорт залы. Ауылдық округ әкімі аппаратының жанынан 0,5 бірлік мәдени ұйымдастырушы бөлінді.

Қоғамдық және діни бірлестіктер

Үкіметтік емес ұйымдар — 2

  1. Алғашқы ардагерлер ұйымының кеңесі

  2. Қоғамдық Кеңес

Діни бірлестіктер — 3

  1. "Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы" республикалық ислам діни бірлестігінің филиалы "Қожағұл Махмет Қажи" мешіті

  2.  

    "Қасиетті елшілер Петр мен Пауылдың" рим-католиктік приходы

  3. "Петропавл және Булаев епархиясының үш Әулие ғибадатханасының приходы" жергілікті православиелік діни бірлестігі

Чкалов ауылдық округі әкімі С. Сәдуқасов

Дата публикации
25 декабря 2023
Дата обновления
25 декабря 2023
Тип

Сейчас читают

Ақпарат
17 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылаудың басталуы туралы хабарландыру
Ақпарат
16 июня 2026
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чкалов ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының шешіміне Пресс – релиз
Ақпарат
08 апреля 2026
«Құқық кабинеті» — үйіңізге жақын заң көмегі»

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы