«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің
2025 жылғы мемлекеттік қызметтер көрсету
мәселелері жөніндегі қызметі туралы есебі
2025 жылғы 12 ай үшін «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 20 мемлекеттік қызметтерді көрсетті.
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну туралы ақпарат Чермошнян ауылдық округіңің әкімі ресми интернет-қорларында орналастырылған. «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ ғимараттарында мемлекеттік қызметтер тізімі, негізгі түсініктері, жалпы ережелері, мемлекеттік қызметті көрсету үрдісінде әрекет етудің тәртібі мен сипаттамасы көрсетілген, жаңартылған стендтер бар. Мемлекеттік және орыс тілдерінде бланктер мен өтініштер үлгілерімен ақпараттық үстелдер жалпыға шолу үшін қол жетімді жерлерде орналасқан.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін түсіндіру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Әлеуметтікжелілерде4тікелейэфирөткізіліп, 4семинар,330брошюратаратылды.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерін оңтайландыру және автоматтандырудың нәтижелері мемлекеттік органда және Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады.
Халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасын жоғарылату мәселесі қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметінің басты басымдылықтары болып табылады. Осы мақсатты іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында біліктілікті жоғарылатуға бағытталған оқу семинарлары өткізіліп жатыр, оларға бөлім қызметкерлері уақытылы қатысады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөнінде қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметтерді алу кезінде азаматтарды электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді, онда тұрғындар өз бетінше электрондық қызметтерді ала алады.
2025 жылдың 12 айында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 78 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі. Ауданның жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетудің сапасына ішкі бақылау жөніндегі есебі тоқсан сайын Тайынша ауданы әкімінің аппаратына тапсырылады.