Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық мәслихатының «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешімінің жобасына баспасөз релизі
Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесіҚазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 91-бабы 3-тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-7-тармақтары болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімді қабылдауының мақсаты, мемлекеттік органдар мен оларға ведомстволық бағынысты мекемелердің міндеттерін іске асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
2026-2028 жылдарға арналған Чермошнян ауылдық округі бюджетінің кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің және басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелерін ескере отырып, 2025 жылғы 15 наурыздағы Қазақстан Республикасы Бюджет Кодексінің 52-бабы негізінде есептелді, 2023-2024 жылдардағы салықтардың есептелген және төленген сомалары, 2025 жылғы бағалау есепке алынды.
Чермошнян ауылдық округінің бюджетіне кірістердің болжамды көлемі2026 жылға 19241 мың теңге, 2027 жылға – 20203 мың теңге, 2028 жылға – 21213 мың теңге сомасында айқындалды.
2026 жылға аудандық бюджеттен, облыстық бюджеттен - 3333 мың теңге, аудандық бюджеттен - 6420 мың теңге, аудандық бюджеттен Чермошнян ауылдық округінің бюджетіне берілетін 46566 мың теңге сомасында бюджеттік субвенция түсімі жоспарлануда.
Чермошнян ауылдық округі бюджетінің жалпы көлемі 2026 жылға – 95560 мың теңге, 2027 жылға – 70795 мың теңге, 2028 жылға – 72540 мың теңге.
Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Чермошнян ауылдық
округінің әкімі Қ. Ищанов