«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға
жалпы конкурс туралы хабарландыру
Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы әкімінің аппараты
Конкурс туралы ақпарат
Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.06.2025 - 11.06.2025
Қабылдау 1 этап: 12.06.2025- 16.06.2025
Қабылдау 2 этап: 18.06.2025
Жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу: 19.06.2025
Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау:
22.06.2025
Сұхбат: 25.06.2025
Анықтама телефоны: 87153621426
E-G-3 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 210087
(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне
байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)
Лауазым атауы:
"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық
округі әкімінің аппараты" КММ бас маман-бас бухгалтері, E-G-3 (Лауазым
мәртебесі: Бос)
Функционалдық міндеттері:
Округтегі қаржылық есепке алу - есеп беру құжаттарын жүргізу. Жылдық
қаржыландыру жоспарын құру, мемлекеттік мекеме бойынша мемлекеттік
сатып алулар жоспары, оның орындалуы бойынша айлық ағымды есептемесі,
жылдық қаржыландыру жоспарына өзгерістер енгізу, мемлекеттік сатып
алулар жоспары, ауылдық округ әкім аппаратының бюджетін, еңбек шарттары
мен келісім құру. Қазынашылық органдарында тіркелумен сатып алулар
хаттамалары мен шарттарды рәсімдеу, еңбек ақы төлемін және ЗҚЖ есептеу,
материалдық тауар құндылығын есептеу; статистика органдарына, салықтық
органдарға, қазынашылыққа, мемлекеттік сатып алулар есептемесін беру.
Жергілікті өзін-өзі басқару міндеттерін жүзеге асыруда әкімдерге жіберілген
қаржыны есептеу үшін арналған жергілікті өзін-өзі басқарудағы қолма-қол
қаржы есебіне бақылау жүргізу; жергілікті бірлестік жиналысымен келіскеннен
соң жергілікті өзін-өзі басқаруда ақшаның шығындары мен түсу жоспарын
құру. Ауылдық округ әкімінің басқа да тапсырмаларын орындау. «В» блогы.
Білімі бойынша талап:
Жоғары білім, жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейінгі
білім, кәсіби білім,
техникалық білім: бизнес, басқару және құқық (менеджмент және/немесе
экономика
және/немесе қаржы және/немесе есеп және аудит); бизнес, басқару және
құқық,
(менеджмент (қолдану саласы мен облысы бойынша) және/немесе
бухгалтерлік іс және
салық салу және/немесе банк және сақтандыру ісі).
Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:
Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары, не орта білімнен кейінгі
немесе техникалық және кәсіптік білім;
Жұмыс өтілі талап етілмейді.
Шағым жасау тәртiбi
Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот
тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне
(әрекетсіздігіне) шағымдана алады.