«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
Чермошнян ауылдық округінің 2025 - 2027 жылдарға арналған
бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы
Тайынша ауданы мәслихаты шешімінің
Баспасөз – релиз
Осы нормативтік - құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 9-1 және 75-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1 тармағы 2-7) тармақшасы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Чермошнян ауылдық округінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджет кірістері Қазақстан Республикасы Салық кодексінің ережелерін және басқа да нормативтік-құқықтық актілерді ескере отырып, 2023-2024 жылдардағы есептелінген және төленген салық сомалары, 2024 жылғы бағалау есепке алынып, 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 52-1-бабының негізінде есептелген.
Чермошнян ауылдық округінің 2025 жылға арналған бюджет түсімдерінің болжамды көлемі 17400 мың теңге, 2026 жылға – 18009 мың теңге, 2027 жылға – 18639 мың теңге сомасында белгіленді.
Чермошнян ауылдық округінің бюджетінің жалпы көлемі 2025 жылға 62350 мың теңгені, 2026 жылға - 63181 мың теңгені, 2027 жылға – 64040 мың теңгені құрайды.
Нормативтік-құқықтық актісін қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.