Баспасөз релиз

 

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы мәслихатының

2023 жылғы 29 желтоқсандағы № 125/9«Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округінің 2024 – 2026 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Солтүстік Қазақстан облысы

Тайынша ауданы мәслихатының шешіміне

баспасөз – релиз

 

Осы нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 104, 106, 109-1-баптары, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2-7) тармақшасы болып табылады.

Мәслихаттың осы шешімін қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.

Чермошнян ауылдық округінің бюджетін нақтылау көзі 2024 жылы жергілікті бюджеттің бюджет қаражатын қайта бөлу болып табылады.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау терісәлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

         Шешім жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде 2024 жылдың 15 қарашада орналастырылған.

 

 

 

Чермошнян ауылдық округтің әкімі                              Қ. Ищанов

        

 

баспасөз– релиз
Дата публикации
27 ноября 2024