Адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер және адвокат таралқасында тағылымдамадан өткен адамдар облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың аумақтық әдiлет органдары жанында құрылатын адвокаттық қызметпен айналысуға үмiткер адамдарды аттестаттау жөнiндегi комиссияда аттестаттаудан өтедi. Комиссияның жұмыс органы аумақтық әдiлет органы болып табылады.
Аттестаттаудан өтуден келесі адамдар босатылады:
– Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңес іжанындағы Біліктілік комиссиясында біліктілік емтиханын тапсырған, сотта тағылымдамадан ойдағыдай өткен және облыстық немесе оған теңестірілген соттың жалпы отырысының оң пікірін алған адамдар;
-“Қазақстан Республикасының с от жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 34-бабы 1-тармағының 1), 2), 3), 9), 10) және 12) тармақшаларында көзделген негіздербойынша судья өкілеттіктерін тоқтатқан адамдар;
-теріс себептермен шығарылғандарды қоспағанда, прокурор немес етергеуші лауазымында кемінде он жыл жұмы сөтілі болған жағдайда, прокуратура және тергеу органдарынан шығарылған адамдар.
Адвокаттық қызмет пен айналысуға үмiткертұлға тағылымдамадан өткеннен кейін “электрондық үкіметтің” веб-порталы не заң көмегінің бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы:
1) “электрондық үкіметтің” веб-порталы арқылы көрсетiлетiн ЭЦҚ қойылған электрондық құжатны санында, сұрау салу;
2) оларды әділет органдарына ұсынғанға дейін кемінде бір ай бұрын денсаулық сақтау ұйымдары мен берілг ендиспансерлік есепте тұратыны/тұрмайтыны туралы үміткердің тұрғылықты жерi бойынша нарколог және психиатрдың анықтамаларының электрондық көшірмесі;
Аттестаттауға жіберу туралы өтініші, мәліметтер мен қамтылады.
Адвокаттық қызметпен айналысуға үміткер адам өтініш беру кезінде аттестаттаудың жүргізілетін орнын, күнін және тілін (қазақнемесеорыс) айқындауға құқылы.