Талдаудың Талдамалық анықтамасы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері

  1. Кіріспе бөлім
  2. "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
  3. Негіздеме: "Чермошнянауылдықокругіәкімініңаппараты"КММқызметінде сыбайлас жемқорлықтәуекелдерінеішкіталдаужүргізутуралыЧермошнянауылдықокругіәкімінің 04.06.2025 жылғы№22-НҚөкіміСолтүстікҚазақстаноблысыТайыншаауданы"
  4. Өткізумерзімі:2025 жылғы 05маусымнан2025жылғы30маусымға дейін.
  5. Талданатынкезең:2024жылғы01маусымнан2025жылдын 01 маусымға дейін.
  6. Бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Жеке құрам және негізгі қызмет бойынша өкімдер, шешімдер әкім аппаратында "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес екі тілде: мемлекеттік және орыс тілдерінде ресімделген, сондай-ақ "Құқықтық актілер туралы", "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттандыру мен құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келеді.

Мемлекеттік сатып алу "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы                4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының, "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығының нормаларына сәйкес жүргізіледі. Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы электрондық түрде жүргізіледі және жеткізушімен қандай да бір байланысты болдырмайды. Шарттар жасасудың тек қана электрондық форматы веб-порталда сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша толық және шынайы ақпаратты қалыптастыруға және олардың орташа сатып алу бағаларын айқындауға мүмкіндік берді.         Электрондық шарттарды және Мемлекеттік сатып алуды оңайлатуға және ашықтыққа бағытталған бірқатар басқа нормаларды енгізу сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік берді.

Бөлімшенің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді зерделеу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері табылған жоқ.

Қорытынды: Жоғарыда айтылғандарды талдай отырып, жұмыс барысында бөлімшенің қызметіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңдарын басшылыққа алу қажет.

  1. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

3.1.Персоналды басқару желісі бойынша, оның ішінде кадрлардың ауысуы

Мемлекеттік қызметке кірген кезде Чермошнян ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары әкімшілік лауазымдарға орналасуға шектеулер қабылдады " міндеттеме, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларымен және қызметтік әдеп ережелерімен танысу).

2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде қызметтік әдепті бұзғаны үшін тәртіптік жаза қолданылмады.

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ штат саны 5 бірлікті құрайды (1 бірлік - Ауылдық округ әкімі, 1 бірлік - бас маман, 1 бірлік-бас маман-бас бухгалтер, 1 бірлік-әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі жөніндегі заңнаманы орындау жөніндегі бас маман, 1 бірлік- жергілікті салық алымдарын ұйымдастыру бойынша жетекші маман). Нақты саны-5 адам.

2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметшілер жоқ, ауылдық округ әкімінің аппаратында оның жақын туыстары атқаратын лауазымға тікелей бағынысты мемлекеттік қызметшілер жоқ.

Қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер мен олардың жұбайлары Мемлекеттік кірістер басқармасына декларацияларды уақтылы ұсынды.

Аппараттың мемлекеттік қызметшілерінің қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде бір мемлекеттік қызметші мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер үшін біліктілікті арттыру курстарынан және бір мемлекеттік қызметші – қайта даярлау курстарынан өтті.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп нормалары мен мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығына сәйкес әкім аппараты қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық қызметінің алдын алуға бағытталған жұмыс жүргізілуде.

Қорытынды: жұмыста лауазымдық міндеттерін сапалы және тиімді атқару, жақын туыстарының бірлескен жұмысына жол бермеу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеу жолымен Қазақстан Республикасының заңнамасын басшылыққа алу.

3.2. Мемлекеттік қызмет көрсету желісі бойынша

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ 6 Мемлекеттік қызмет көрсетіледі

  1. Жеручаскесініңнысаналымақсатынөзгертугешешімберу.
  2. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру.
  3. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу.
  4. Жеручаскесінжекеменшікке,біржолғынемесебөліп-бөліп сату.
  5. Жер учаскесін алуға кезекке қою.
  6. Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту.

2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша өтініштер түскен жоқ.

Ауылдық округ әкімі аппаратында дискрециялық мерзімдер мен өкілеттіктердің болуы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" ҚР Заңының ережелерімен шектелген. Мемлекеттік қызметтер бойынша әкімшілік кедергілер байқалмайды.

Салалық заңдар мен заңға тәуелді НҚА арасында Заңды қайшылықтардың болуы жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту жоқ.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нақты процестері бекітілген Мемлекеттік қызмет көрсету ережелерінің нормаларына сәйкес келеді.

Ережеде тіркелмеген құжаттарды талап ету фактілері жоқ.

Көрсетілетін қызметті берушінің көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысы 2 мемлекеттік қызметті алу кезінде бар, бірақ "Электрондық үкіметтің" веб-порталы не "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" арқылы мемлекеттік қызметтерді алудың баламасы бар екенін атап өту қажет, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін барынша азайтады.

Ауылдық округ әкімі аппаратында мемлекеттік қызмет белгілері бар қосымша функциялардың болуы жоқ.

Қорытынды: жоғарыда айтылғандарды талдағаннан кейін "Электрондық үкіметтің" веб-порталы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы өтініш беру және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін алу баламасының мүмкіндігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылғаны жөн.

3.4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру желісі бойынша.

"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы  23 қаңтардағы          №148 Заңына сәйкес ауылдық округ әкімі өз құзыреті шегінде жер қатынастарын реттеуді жүзеге асырады. 2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде жер учаскелері берілмеді.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерде қайшылықтар анықталған жоқ.

Қабылданған шешімдерге шағымдану рәсімінен бас тартуға негіз жоқ.

Рұқсат құжаттарын беруде дискрециялық өкілеттіктер мен әкімшілік кедергілер жоқ.

Қорытынды: жоғарыда айтылғандарды талдағаннан кейін "Электрондық үкіметтің" веб-порталы не "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" арқылы өтініш беру және мемлекеттік қызметтердің нәтижелерін алу баламасының мүмкіндігіне байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылғаны жөн.

3.5. Бақылау функцияларын іске асыру желісі бойынша.

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ ай сайын Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексін сақтау үшін Құқықтық статистика органдарымен салыстырып тексеру актілері өткізіледі. Салыстыру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған кезде ауылдық округ әкімінің аппаратында ҚР заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілік шаралары көзделген. Ауылдық округ әкімінің аппаратымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру іс-шаралары, дөңгелек үстелдер, кеңестер өткізіледі.

Бұл жұмыс Чермошнян ауылдық округі әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық стандартына сәйкес жүргізіледі.

Ішкі бақылау жүргізу нәтижесінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін бұзу анықталған жоқ.

Өтініштер өтініш берілген күні тіркеледі және "е –otinish" азаматтардың барлық өтініштерін қабылдау мен өңдеудің бірыңғай платформасында тіркеледі.

Қорытындылар: Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарын мүлтіксіз сақтау.

3.6. Бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелері бойынша                      2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты Чермошнян ауылдық округі әкімі аппаратының мамандары сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасау фактілерін анықтауға талдау жүргізген жоқ.

Апта сайын Чермошнян ауылдық округі әкімі аппаратының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартының сақталуына мониторинг жүргізіледі. Жалпы, жұмыс сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға және оларды болдырмауға бағытталған.

         2024 жылғы 01 маусымнан 2025 жылғы 01 маусымға дейінгі кезеңде Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппаратына ауылдық округ әкімінің құзыретіне кіретін 43 өтініш түсті. Сыбайлас жемқорлық жағдайлары мәселелері бойынша шағымдар, арыздар түскен жоқ. Барлық өтініштер мерзімінде қаралады, уақтылы орындамау немесе орындаудан бас тарту фактілері жоқ.

Талдамалық анықтаманың қорытынды бөлігі.

"Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау үшін Чермошнян ауылдық округі әкімі аппараты қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексін, "Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Чермошнян ауылдық округі әкімінің аппараты" КММ сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын сақтауы қажет деп санаймыз.

Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық іс-шараларды дөңгелек үстелдер мен кеңестерді тұрақты негізде жалғастыру қажет деп санаймыз.

 

Комиссия төрағасы:                        ____________ Ищанов Қ. Т.

 

Жұмыс тобының мүшелері: 

Бас маман:                                                                          Уботаева А.Р.

 

Бас маман:                                                                           Негметжанов Б. Ш.

 

Әдіскер:                                                                                Зулаева Е.А.

 

"Келісілді"

Жергілікті қоғамдастық мүшесі                                           Косолапова Т.А.

 

 

Дата публикации
15 июля 2026