Меню

Страницы

Статья

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-нің 2023 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі қызметі туралы есеп

2023 жылдың 12 айында «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-мен 3 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

  • қағаз түрінде – 0 мемлекеттік қызмет;
  • қағаз нысанда, бірақ «электрондық үкімет» веб – порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуі мүмкін қызметтер — 2;
  • Мемлекеттік корпорация арқылы – 0 мемлекеттік қызметтер;
  • «Электрондық Үкімет» порталы арқылы — 1 мемлекеттік қызмет.

Неғұрлым сұранысқа ие мемлекеттiк қызмет «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткiзудi талап етпейтiн мемлекет меншiгiндегi жер учаскелерiне құқықтарды алу» болып табылады.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-мен «Электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің үлесін арттыру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасы халқының цифрлық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында жыл сайын оқыту курстары өткізіледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру және қол жетімділік мақсатында барлық мемлекеттік мекемелерде көрнекі ақпараты бар стендтер орналастырылған (мемлекеттік қызметтердің заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері, өтініштердің үлгілері, мемлекеттік қызметтерді көрсетуге жауаптылардың т.а.ә.). Мемлекеттік органның ресми интернет-ресурсында мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызметтер қағидалары орналастырылған «мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімі жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері мемлекеттік органда да, Мемлекеттік корпорация, «Электрондық үкімет» порталы арқылы да баламалы негізде мемлекеттік қызмет көрсету болып табылады. Халыққа мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мәселелері қазіргі уақытта мемлекеттік органдар қызметіндегі маңызды басымдықтар болып табылады. Осы міндетті іске асыру мақсатында мемлекеттік қызметтер көрсету саласында біліктілікті арттыруға бағытталған оқу семинарлары өткізіледі, оларға мемлекеттік органдардың қызметкерлері уақтылы қатысады.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.

Азаматтарды мемлекеттік қызметтерді алу кезінде электрондық үкімет порталын белсенді пайдалануға тарту мақсатында Амандық ауылдық округінде өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы жұмыс істейді, онда тұрғындар электрондық қызметтерді өз бетінше ала алады.

2023 жылы өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы 86 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-сі қызмет алушылар арасында брошюралар тарату бойынша жұмыстар жүргізуде, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша 345-ке жуық брошюралар таратылды.

Мемлекеттік қызметтерді алу бойынша 4 тікелей эфир өткізілді.

«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Амандық ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ-де мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуіне бақылау жүргізіледі. Ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау бойынша ауданның жергілікті атқарушы органдарының жұмысы туралы есеп тоқсан сайын Тайынша ауданы әкімінің аппаратына ұсынылады.

Амандық ауылдық округінің әкімі Н. Тасымов

Дата публикации
12 февраля 2024
Дата обновления
12 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы