Меню

Страницы

Статья

Амандық ауылдық округiнiң 2024 жылғы 01 қантарға  Әлеуметтiк — экономикалық құжаты

Ауылдық округ әкімі — Тасымов Нариман Қорқытбайұлы.

1981 жылғы 09 тамызда туған. 2003 жылы №1 Көкшетау кәсіптік техникалық лицейін автокөліктің электр жабдықтарын жөндеу шебері мамандығы бойынша бітірген. Ұлты бойынша қазақ. Атқаратын лауазымында 2022 жылғы 14 қыркүйектен бастап жұмыс істейді. Қызметке кіріскенге дейін "Қазақстан темір жолы "ҰК" АҚ жол монтері болып жұмыс істеді.

Ауылдық округтің аумағы — 598 шаршы шақырымды құрайды. Ауылдық округ аумағында 4 елді мекен орналасқан: Амандық,

Жаңадәуір, Ильичевка, Аймақ.

Амандық ауылдық округі 2000 жылы құрылған. Ауылдық округтің орталығы — Амандық ауылы.

Әкімшілік — аумақтық бөлініс

Амандық ауылынан аудан орталығына дейінгі қашықтық 80 км құрайды

Жаңадәуір ауылынан 90 км

Ильичевка ауылынан 75 км

Аймақ ауылынан 95 км құрайды.

Жаңадәуір ауылынан ауылдық округтің орталығына дейінгі қашықтық 10 км құрайды

Ильичевка ауылынан 5 км құрайды.

Аймақ ауылынан 25 км құрайды.

Көрші ауылдық округтің орталығына дейінгі қашықтық Чкалово ауылы Амандық ауылынан 25 км

Жаңадәуір ауылынан 35 км

Ильичевка ауылынан 20 км

Аймақ ауылынан 40 км құрайды.

Автобус қызметі жоқ.

Аулалар

Амандық ауылындағы аулалар саны — 109

Жаңадәуір ауылында — 17

Ильичевка ауылында — 142

Аймақ ауылында — 129

Жалпы аулалар — 397. 

Халық

Елді мекендердегі халық саны: Амандық ауылында — 443 адам.

Жаңадәуір ауылында — 91 адам.

Ильичевка ауылында — 524 адам.

Аймақ ауылында — 454 адам.

Халық саны – 1512 адам.

Ұлттық құрам

Амандық ауылдық округінде 1512 адам тұрады.

Оның ішінде қазақтар 1356 адам,

орыстар 54 адам,

украиндар 6 адам,

немістер 39 адам,

басқа ұлты — 57 адам.

Халықтың көші — қоны:

15 адам дүниеге келді.

Қайтыс болды — 13 адам.

16 адам келді.

115 адам кетті.

Көші-қон сальдосы /-99/

Сайлаушылар

Елді мекендерде сайлаушылар : Амандық ауылында – 264 адам.

Жаңадәуір ауылында — 41 адам.

Ильичевка ауылында — 246 адам.

Аймақ ауылында — 223 адам.

Сайлаушылар саны — 774 адам.

Зейнеткерлер

Округте 206 зейнеткер тұрады: Амандық ауылында 60 адам.

Жаңадәуір ауылында 14 адам.

Ильичевка ауылында 51 адам.

Аймақ ауылында 82 адам.

Мүгедектер

Округте 33 мүгедек тұрады, оның ішінде:

Амандық ауылында 11 адам.

Жаңадәуір ауылында 3 адам.

Ильичевка ауылында 10 адам.

Аймақ ауылында 9 адам.

Көпбалалы отбасылар

Округте 37 көпбалалы отбасы тұрады оның ішінде:

Амандық ауылында 9 адам.

Жаңадәуір ауылында 3 адам.

Ильичевка ауылында 16 адам.

Аймақ ауылында 9 адам. 

Еңбекке қабілетті халық

Округте еңбекке қабілетті халық саны небәрі 902 адам. Оның ішінде жұмыссыздар 13 адам. Жұмыссыздық деңгейі 1,4412% құрайды.

Табиғи ресурстар

Пайдалы қазбалар:

Амандық карьер — тас

Қиыршық тас карьері

Су ресурстары — жоқ

Орман алқаптары — бар

Қорғалатын аймақтар — жоқ

Жер ресурстары

Ауыл шаруашылығы алқаптарының жалпы ауданы 68098 га құрайды, егістік 13884 га, жайылым 50686 га, өзге де жерлер 3528 га құрайды.

46503 га шаруашылық субъектілеріне берілді, оның ішінде: егістік 12437 га, жайылым 32539 га, басқалары 1527 га.

Ауыл шаруашылығы

Округтегі шаруашылық жүргізуші субъектілер саны барлығы 15, оларда 447 адам жұмыс істейді. Округте 8 ЖШС орналасқан, оларда 432 адам жұмыс істейді. 5 ШҚ және 2 ФҚ бар. Оларда 15 адам жұмыс істейді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық дамуы-егіншілік және мал шаруашылығы. Сондай-ақ жұмыртқа мен өсімдік майларын өндіру. Сондай-ақ астықты өңдеу, кептіру және сақтау.

Жеке сектордағы мал басының саны

Түрлері бойынша мал саны: ІҚМ – 852, қой – 3375, жылқы – 1192, шошқа – 19, құс — 1637 бас. 

Салық базасы

Жеке тұлғалардың салық базасы 2 млн 482 мың 369 теңгені құрайды.

Телефон байланысы

Барлық елді мекендермен телефон байланысының қамтамасыз етілуі 100 пайызды құрайды. Барлығы 373 нөмір, оның ішінде жеке тұлғалар 363 нөмір, заңды 9 нөмір жұмылдырылды.

Сумен жабдықтау

Барлық ауыл тұрғындары сумен қамтамасыз етілген. 2008 жылдан бастап Амандық ауылында жергілікті су құбыры жұмыс істейді. Су микробиологиялық және санитарлық-химиялық нормаларға сәйкес келеді. 

Кәсіпкерлік

Қазіргі уақытта ауылдық округте 29 шағын бизнес субъектісі тіркелген. Оның ішінде 5 шаруа қожалығы және 2 фермер қожалығы бар

Білім

Білім беру мекемелерінің желісі 3 мектептен тұрады:

Амандық ауылында — қазақ тілінде оқытатын орта мектеп,

Ильичевка ауылында — қазақ — орыс тілінде оқытатын орта мектеп,

Аймақ а. — қазақ тілінде оқытатын негізгі мектеп.

2022-2023 оқу жылында оларда 245 оқушы оқыды, педагогикалық ұжымның 76 адамы жұмыс істейді. Мектептерде 3 шағын орталық жұмыс істейді, оның ішінде 43 бала. Мектептер компьютерлік техникамен, телефондандырумен қамтамасыз етілген, «Интернет» желісіне қосылған.

Денсаулық сақтау

Емдеу желісі 4 медициналық пункттен тұрады.

Округте барлық медициналық пункттер телефондандырылған.

3 медицина қызметкері жұмыс істейді.

Мәдениет және спорт

Ауылдық округ бойынша жұмыс істеп тұрған мәдени-демалыс орталықтары жоқ.

Кітап қоры 18025 дана, оқырмандар саны 710 адам Амандық, Ильичевка және Аймақ ауылдарында ауылдық кітапханалар бар.

Округтегі спорт нысандары 8, оның ішінде 3 спорт залы, хоккей корты – 3, футбол алаңы – 1, баскетбол алаңы—1.

Елді мекендердің көлік қатынасы

Көлік қатынасы негізінен халықтың жеңіл көлігімен, сондай — ақ теміржол желісі бойынша Қызылту-Астанаға поездардың қозғалысы арқылы жүзеге асырылады.

Қоғамдық бірлестіктер

Ардагерлер кеңесі

Діни бірлестіктер

  1. Амандық ауылындағы мешіт – дін — ислам

Жұмыспен қамту түрлері бойынша халықтың санаты

Амандық ауылдық округінде мемлекеттік қызметшілер – 4, ауыл шаруашылығы қызметкерлері – 161, білім беру және денсаулық сақтау қызметкерлері – 81, өнеркәсіп және басқа салалардың қызметкерлері — 432, кәсіпкерлер — 22, студенттер – 91, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар — 156 адам.

Амандық ауылдық округінің әкімі Н. Тасымов

Дата публикации
12 февраля 2024
Дата обновления
12 февраля 2024
Тип

Сейчас читают

01 августа 2025
ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің 2025 жылғы 1 шілдедегі инвестициялық портфельдеріне шолу
31 июля 2025
Отандастарымыздың зейнетақы жинақтары 24 трлн теңгеден асты
31 июля 2025
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап «БЖЗҚ» АҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдері жеке табыс салығынан босатылады 

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы