Қолда бар салық базасына сәйкес СҚО Тайынша ауданы Алабота ауылдық округінің бюджетіне 2026 жылға түсімдердің болжамды көлемі 6927 мың теңге, 2027 жылға 7273 мың теңге, 2028 жылға 7637 мың теңге сомасында айқындалды.
Кіріс көздері Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 91-бабының 3-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-7-тармағына сәйкес баптың негізінде есептелген.
Салық түсімдері бойынша бюджеттің кіріс көздері мыналар болып табылады: мүлік салығы (100%).
Трансферттердің түсімі
2026 жылы 48784 мың теңге сомасында трансферттер түсуі жоспарлануда, оның ішінде: 25294 мың теңге сомасына ағымдағы нысаналы трансферттер және 23292мың теңге сомасына аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджеттен трансферттер.
Нәтижесінде Алабота ауылдық округінің бюджетіне түсімдер 2026 жылға - 55711 мың теңгені, 2027 жылға-33225 мың теңгені, 2028 жылға-33769 мың теңгені құрайды.
Шығыстар
2026-2028 жылдарға арналған шығыстар бойынша аудандық бюджеттің болжамды параметрлері «жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 31 қазандағы № 470 бұйрығы негізінде есептелген.
2026 және одан кейінгі жылдарға әлеуметтік салық 6 пайыз, әлеуметтік сақтандыруға арналған шығыстар зейнетақы қорларына аударымдардың 10 пайызын шегергендегі 3,5 пайыз, міндетті медициналық әлеуметтік сақтандыру - жалақы қорынан 2 пайыз, жұмыс берушінің 2025 жылдан бастап жалақы қорынан 5 пайыз мөлшеріндегі міндетті зейнетақы жарналары мөлшерінде есептелді.
1,075 коэффициентін қолдана отырып, 2025 жылғы бекітілген бюджетке арналған өзге де шығыстар.
Алабота ауылдық округінің 2026 жылға арналған бюджеттік бағдарламаларын қаржыландырудың жалпы көлемі 55711 мың теңгені, 2027 жылы 33225 мың теңгені, 2028 жылы 33769 мың теңгені құрады.
Мемлекеттік басқару органдары
Еңбекке ақы төлеуге арналған шығыстарды есептеу «мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын барлық органдар үшін қызметкерлерге еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 16 қазандағы № 646 ҚБП қаулысына және «азаматтық қызметшілерге, қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жүргізілді мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар, қазыналық кәсіпорындар қызметкерлері».
Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер
2026 жылға 124001 «аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша 27553 мың теңге, 2027 жылға -27758 мың теңге, 2028 жылға -27974 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық
Бюджеттік бағдарламалар бойынша:
124008 «елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру» 2026 жылға 2264 мың теңге, 2027 жылға – 2400 мың теңге, 2028 жылға - 2544 мың теңге
124011 «елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру» 2026 жылға 24738 мың теңге, 2027 жылға 1842 мың теңге, 2028 жылға 1 952 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Көлік және коммуникация
124013 «аудандық маңызы бар қалаларда, ауылдарда, ауылдық округтердің кенттерінде автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы бойынша 2026 жылға 1 156 мың теңге, 2027 жылға - 1 225мың теңге, 2028 жылға - 1 299 мың теңге сомасында шығыстар көзделген.
Алабота ауылдық округiнiң әкiмi Ж. Жұқашев