Абай ауылдық округi әкiмiнiң
2017 жылғы «2» қазандағы №62 өкiмiмен бекiтiлген
«Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүрiс-тұрыс стандарты
1. «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүрiс-тұрыс стандарты (бұдан әрi — Стандарт) «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабына сәйкес әзiрлендi және аудан әкiмiнiң ақпараттық-талдау, ұйымдастырушылық-құқықтық және материалдық-техникалық қызметiн қамтамасыз етудi iске асыру кезiнде пайда болатын қоғамдық қатынастар саласындағы сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталған ұсыныстар жүйесiнен тұрады.
2. Стандарт «Солтүстiк Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округi әкiмiнiң аппараты» коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мемлекеттiк қызметшiлерiнiң (бұдан әрi — мемлекеттiк қызметшiлер) сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрақты жүрiс-тұрысын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрiнiстерiмен есептеспеушiлiк ахуалына жету, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiн уақытында анықтау және олардың керi салдарын болдырмау үшiн жазылған.
3. Стандарттың қағидаттары:
- заңдылық;
- транспаренттiлiк;
- әдептiлiк;
- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау және оларды сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен қорғау;
- мүдделер қақтығысын болдырмау.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер лауазымдық өкiлеттiктерiн атқару кезiнде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты емес.
5. Мемлекеттiк қызметшiлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында (соның iшiнде еңбек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл, мемлекеттiк қызмет туралы):
1. жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асыру кезiнде келесiлердi қамтамасыз етедi:
- Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығын, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерi мен сарсаңға салуға жол бермеудi;
- Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн жүзеге асырудың ең аз мерзiмiн;
- Мемлекеттiк қызмет стандарттары мен регламенттерiне сәйкес мемлекеттiк қызметтiң көрсетiлуiн;
- Ата-тегi, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайы, жынысы, нәсiлi, ұлты, тiлi, дiнге қатысы, сенiмi, тұрғылықты жерi себептерiне немесе өзге кез келген жағдайлар бойынша қандай-да бiр кемсiтусiз қызмет алушыларға бiрдей рұқсатты;
жол бермеушiлiк:
- мәселенi әдiл шешуге мүдделi емес деп ойлауға негiз бар тұлғаға азаматтың өтiнiшiн қарау жүктелген кезде;
- шағым түсiрген тұлғаға зиянын тигiзуге немесе кiмге қатысты жазылғанның мүддесiне;
- өтiнiште әрекеттерi шағымдалатын лауазымды тұлғаларға өтiнiштер бағыттауға;
- азаматтардың келiсiмiнсiз олардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиясы туралы тарату мүмкiндiгiне;
- өтiнiшке қатысы жоқ азаматтың тұлғасы туралы деректердi орнатуға.
2. басқарушылық және өзге шешiмдердi дайындау және қабылдау кезiнде өз құзыретi аясында қамтамасыз етедi:
- Құзыреттiлiктердi дәл шектеудi және барлық құрылымдық бөлiмшелер мен лауазымды тұлғалардың келiсiлген жұмыс iстеуiн;
- лауазымдық өкiлеттiктерiн орындауға қатысы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен тапсырмаларды шығаруға жол бермеушiлiктi;
- туыстық, жерлестiк және жеке адалдығы белгiлерi бойынша кадрларды iрiктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеушiлiктi;
- меритократия қағидаттарын сақтауға;
- қабылданатын шешiмдерiнiң заңдылығына дербес жауапты болады.
3. нормативтiк құқықтық актiлердi дайындау кезiнде қамтамасыз етедi:
- Осы актiнi қабылдау бойынша құзыреттiлiк Қазақстан Республикасының заңнамасында тура қаралған жағдайда ғана нормативтiк құқықтық актiнi қабылдауға;
- азаматтардың құқықтарын iске асыру бойынша шешiм жобасы келiсiлетiн сатылардың ең аз санын.
4. күнделiктi әрекетiнде:
- Қоғамның мемлекеттiк қызметке, мемлекетке және оның институттарына сенiмiн сақтайды және нығайтады;
- жалпыға бiрдей моральдық-әдеп нормаларын сақтайды;
- мемлекеттiк билiк абыройын сақтауды және Қазақстан Республикасының беделiн түсiруi мүмкiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн әрекеттердi болдырмауды, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұруды, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңнамада белгiленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтауды қамтамасыз етедi;
- лауазымдық өкiлеттiктерiн пайдалануға алып келетiн әрекеттер және оларға негiзделген жеке, топтық және өзге қызметтiк емес мүдделердегi абыройларды жасауға жол бермейдi;
- кешiктiрмей басшының мәлiметiне және (немесе) құқық қорғау органдарына өзiне мәлiм болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлайды;
- қажет жағдайда тiкелей немесе тура басшының мәлiметiне мүдделер қақтығысының пайда болуы туралы, қызметтiк мiндеттердi орындау кезiнде жеке қызығушылықтың пайда болуы туралы, сыбайлас жемқорлық мiнез-құлыққа итеру мен сыйлықтар алу туралы хабарлайды;
- әдiл қызметтiк шешiмдi қабылдауға әсер ете алатын өзара қатынастардың орнатылған тәртiбiн бұзатын заңсыз өтiнiштермен әрiптестерi мен басшыларына өтiнiш бiлдiруден бас тартады;
- қызметтiк өкiлеттiктердi орындауға байланысты сыйлықтар алмайды және бермейдi;
- мүлiктiк және мүлiктiк емес игiлiктер мен артықшылықтарды алу немесе беру мақсатында таратылуға жатпайтын қызметтiк және өзге ақпаратты пайдаланбайды;
- егер тiкелей қол астындағы немесе басшылығындағы тұлға жақын туыстық қатынастарда (ата-аналары, жұбайлары, аға-iнiлерi, апа-қарындастары, балалары) болса, лауазымға тағайындалудан бас тартады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл жасауда, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды ашуда белсендiлiк танытады;
- кешiктiрмей, жазбаша түрде тiкелей басшыға орындау үшiн алған өкiмнiң заңдылығына күмәнi туралы хабарлайды;
- жоғары құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттi сақтауды ұстанады;
- тұрақты негiзде мүдделер қақтығысын, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар мен олардың салдарын пайда болу мүмкiндiгiнiң себептерi мен жағдайларын жою бойынша шаралар қабылдайды;
- қызмет тәртiбiн және қызмет этикасын сақтайды;
- басшылыққа қатысты жеке адалдығына, өзiнiң лауазымдық мүмкiндiктерi есебiнен пайда және артықшылық алуға ұмтылуға жол бермейдi;
- өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындамағаны немесе дұрыс орындамағаны үшiн азаматтық-құқықтық, тәртiптiк, әкiмшiлiк, қылмыстық жауапкершiлiкке тартылады.
6. Басшы:
- өзiнiң жүрiс-тұрысымен әдiлдiк, адалдық, риясыздық, тұлғаның ары мен қадыр-қасиетiне құрметiнiң үлгiсi болып қызмет етедi;
- жеке дара басқарушылық қызмет жолымен басшылықты iске асырады және қабылданатын шешiмдерiнiң заңдылығына дербес жауапты болады;
- қол астындағылардан олардың лауазымдық өкiлеттiктерiнiң аясынан шығатын тапсырмаларды орындауды талап етпейдi;
- қызметтiк мiндеттерiн орындау барысында қол астындағы қызметкерде пайда болған мүдделер қақтығысын реттеу бойынша уақытында жан-жақты шаралар қабылдайды;
- сыбайлас жемқорлықты ескерту бойынша және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкiндiк туғызатын себептер мен жағдайларды жою бойынша жан-жақты шаралар қабылдайды;
- қол астындағылармен құмар ойындарына қатысуға өзiне-өзi тыйым салады;
- қол астындағы қызметкерлердiң арасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыс жағдайына және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеулерiне дербес жауапты болады.