Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің
сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша
«Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ есебіне аналитикалық анықтамасы
2023 жылдың 4 тоқсанындағы есептік кезеңінде 2 мемлекеттік қызмет көрсетілген. Ең ізденіп алған мемлекеттік қызметі – «Мемлекеттік меншіктегі, сауда-саттықты жүргізу (конкурстарды, аукциондарды) талап етпейтін, жер учаскелеріне құқықтар алу». «Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 2.
2023 жылдың 4 тоқсанында 411 адамды қамти отырып, қызмет алушыларды мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша 3 түсіндіру іс-шарасы өткізілді, оның ішінде Фейсбукте тікелей эфирлер өткізу бойынша 1 іс-шара 353 адамды қамтыды және 53 адамды қамтыған брошюралар тарату бойынша 1 іс-шара өткізілді және әкім аппаратының қызметкерлері үшін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жалпыға бірдей құқықтық оқыту 1 іс-шарасы 5 адам қамтылды. Сондай-ақ, 2023 жылдың 4 тоқсанында өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы арқылы 30 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Қызметті алушылардан мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар түскен жоқ.