Осы нормативтік - құқықтық актіні қабылдау қажеттілігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 15 наурыздағы Бюджет Кодексінің 94, 96-баптары, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 2-7-тармағы болып табылады.
Мәслихаттың осы шешімді қабылдаудың мақсаты-мемлекеттік органның міндеттерін іске асыру, ауылдық округтің әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын қаржылық қамтамасыз ету.
Бюджеттің шығыс бөлігінің тиімді орындалуын қамтамасыз ету үшін бюджеттік бағдарламалар арасында қаражатты қайта бөлу қажет:
Қысқарту:
- 124.006.015 «Жергілікті деңгейдегі мәдени және бос уақытты өткізу іс-шараларын қолдау» бюджеттік бағдарламасы – 155 000 мың теңге;
- 124.008.015 «Ауданның елді мекендерінде көшелерді жарықтандыру» бюджеттік бағдарламасы – 365 000 мың теңге ;
- 124.013.015 «Автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарламасы – 880 000 мың теңге.
Ұлғайту:
- 124.001.015 «Әкім қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы – 1 400 мың теңге:
- көлік құралдарын ағымдағы жөндеуге – 400 мың теңге;
- 2026 жылдың төртінші тоқсанына арналған қызметтік көлікке бензин сатып алуға – 240 мың теңге;
- мемлекеттік қызметшілердің іссапар шығындарын төлеуге – 200,0 мың теңге;
- мамандарды оқытуға – 200 мың теңге;
- мемлекеттік қызметшілердің міндеттерін орындағаны үшін төлемдерге – 200,0 мың теңге;
- компьютерлік техника мен жабдықтарға қызмет көрсетуге – 160 мың теңге.
Нормативтік құқықтық актінің қабылдау теріс әлеуметтік - экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.
Шешім жобасы 2026 жылдың 28 қыркүйегінде «Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Абай ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің интернет-ресурсында орналастырылған.
Абай ауылдық округі әкімі Б. Досмуханов