
2025 жылғы 26 ақпанда «Соколов орман шаруашылығы» КММ басшысы Н. Н. Қапаровтың 2024 жылғы орман шаруашылығы қызметінің қорытындылары және 2025 жылға арналған жоспарлары бойынша мекеме ұжымы алдында есебі өткізілді.
Есепті кездесуге мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері: инженерлер, орманшылық басшылары, аңшылық жүргізушісі, орман (учаске) шеберлері, орман қорғаушылар (инспекторлар) барлығы 59 адам қатысты. Жарыссөзде КММ мамандары: КММ басшының орынбасары В. Р. Александров, орманшылық басшылары Ю. Г. Корнев, В. А. Карасев, С. Т. Қасенов, Б. К. Наурызбаев, орман (учаске) шебері В. Потоскалов есеп берді. Орман шаруашылығы ұжымы алдындағы проблемалық мәселелер мен алдағы міндеттер талқыланды, өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданып, орындалу мерзімі белгіленді. Сондай-ақ, басшының орынбасары В. Р. Александров, орманды қорғау және күзету инженері А. В. Кучерявенко, орманды қалпына келтіру инженері Н. А. Евсюкова, орман шикізат қоры бойынша инженер З. Д. Аманжолованың төрағалық етулерімен, орман күзеті мамандарына оқыту семинары өткізілді.
Өртке қауіпті кезеңге дайындалуға қатысты мәселелер, мемлекеттік орман қоры учаскелерінде кеспеағаштарды бөлу және таксациялау қағидалары, ағаш кесу қағидалары, орманды босату қағидалары және ағаш кесу орындарын куәландыру қағидалары, орман тұқымдарын пайдалану және олардың сапасын бақылау әкімшілік, орман, қылмыстық кодекстерге қатысты өзгерістер, орман заңнамасына қатысты өзгертілген және толықтырылған баптарды зерделеу, дайындау, қайта өңдеу, сақтау қағидалары қаралды және. Орман күзетіне мамандарына алдын ала күйдіру тәсілдері жеткізілді.
Талқылау барысында бақыланатын күйдірулердің бақылаусыз күйдірулерге өту мүмкіндігін болдырмайтын жағдайлар мәселесі талданды. Орманды заңсыз кесуддегі жағдайлар үшін заңнаманың өзгерістері, ормандарды молықтыру , орман өсіру және олардың сапасын бақылау қағидалары, сондай-ақ орманды табиғи қалпына келтіруге жәрдемдесу шаралары жүргізілген және табиғи өсіруге қалдырылған орман дақылдарына, тұқымбақтарға, алаңдарға түгендеу жүргізу қағидалары түсіндірілді.
Әкімшілік материалдарды және залалды есептеу тәсілдерін, сондай-ақ МОҚ учаскелерінде заңсыз ағаш кесу анықталған кездегі алгоритмге сәйкес іс-қимылдарды толтыру бойынша практикалық сабақтар өткізілді.
Орман қорғау және күзету инженері
«Соколов орман шаруашылығы» КММ
Кучерявенко А. В.