
Қысқы кезең су температурасы төмендеп, беті мұзбен жабылған кезде су объектілері үшін жағымсыз жағдайларды білдіреді. Мұндай жағдайларда балық ресурстары үшін оттегінің жетіспеушілігі қаупі бар.
«Жануарлар дүниесін қорғау және өсімін молайту туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдар бекітілмеген (резервтік) су айдындарында мелиорациялық жұмыстар жүргізу арқылы балық ресурстарына көмек көрсету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді. Бұл іс-шараларға қысқы кезеңде су айдындарын аэрациялау, сондай-ақ жағалау сызығын қоқыстардан тазарту кіреді.
2025 жылдың ақпан айында «Есіл орман шаруашылығы» КММ қызметкерлерінің күшімен және қаражатымен Явленка ауылдық округінің Мусино көлінде мелиорациялық жұмыстар (аэрация) жүргізілді.
Жұмыстарды жүргізу барысында «Есіл орман шаруашылығы» КММ орман күзетінің 3 адамы және 1 жергілікті тұрғын, 2 бірлік техника, сондай-ақ 6 механикалық құрылғы: 2 мұз бұрғы, 2 шынжырлы ара, 1 пешня және су айдауға арналған сорғы жұмылдырылды. Нәтижесінде: 200-ден астам тесік бұрғыланды, 5 майн кесілді және 240 текше метр су айдалды.
Резервтік су айдындарында аэрация жүргізу және суда еріген оттегінің деңгейін бақылау жұмыстары оларға еріген су түскенге дейін жалғасады.
«Есіл орман шаруашылығы» КММ