Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделу процесі бойынша семинар өткізу туралы хабарландыру

Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделу процесі бойынша семинар өткізу туралы хабарландыру

Мүдделі тұлғалар назарына!

Қазіргі уақытта ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) және ҚР БҰҰДБ «Бейімделуді жоспарлауды институттандыру және бейімделуді ұлттық жоспарлаудың дәйекті саясаты шеңберінде бейімделу шараларын іске асыруды қамтамасыз ету үшін климаттық тәуекелдерді Қазақстанның дамуын жоспарлау процестеріне интеграциялау» жобасын іске асыруда.

Осы жоба шеңберінде 2025 климаттың өзгеруіне бейімделу процесі бойынша семинарлар (график қоса беріледі) өткізілетін болады.

Семинар қатысушыларға ауыл және орман шаруашылығында, су ресурстары және ТЖ секторларында климаттың өзгеруіне бейімделу процесін құру үшін қажетті білімді беруге бағытталған.

Осыған байланысты, жоғарыда аталған секторлар бойынша Мемлекеттік органдардың жауапты мамандарын, Климаттық қызметтерді жеткізушілерді, ЖОО, ҮЕҰ, салалық сарапшыларды және басқа да мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.

Қосымша ақпарат алу үшін: Қанат Исин, тел: +7 (701) 227-08-62, семинарға қатысушы туралы ақпаратты (аты-жөні, лауазымы, ұйымы) келесі электрондық поштаға жіберуді сұраймыз: cecweb@mail.ru.

Семинар бағдарламасы Қазақстандағы климаттың өзгеруіне бейімделу процесі бойынша