Мемлекеттік орман күзетінің біліктілігін арттыру курстары

Мемлекеттік орман күзетінің біліктілігін арттыру курстары

2025 жылғы 17 ақпанда Көкшетаудағы Азаматтық Қорғау академиясының оқу орталығының базасында мемлекеттік орман күзеті қызметкерлерін кәсіптік даярлаудың апталық курстары қайта басталды.

Оқытуға 12 мемлекеттік орман шаруашылығынан басшылардың орынбасарлары, орта буын басшылары, орман өрт сөндіру станцияларының бастықтары жіберілді, үш топ құрылды, барлығы 46 адам.

Оқыту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің бірлескен бұйрығы және Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің бұйрығы негізінде жүргізіледі.

Дайындық бағдарламасында кәсіби құзыреттілік деңгейін арттыру, орман өрттерінің алдын алу шараларын, сөндіру тактикасын, қауіпсіздік шараларын зерделеу, орман өрт есептеулерінің іс-қимылдарын практикалық пысықтау көзделген.

Оқыту формасы - дәріс және практикалық сабақтар.

Оқу аяқталғаннан кейін емтихан комиссиясы тыңдаушыларды тестілеуді жүзеге асырады, тестілеу нәтижелері хаттамамен және сертификат берумен ресімделеді.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің статистигі С. Е. Сүлейменова