«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу туралы

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу туралы

Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын өткізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының қарамағындағы 12 орман шаруашылығымен облыстың 36 мектебімен бірлесіп екі іс-шара өткізу жоспарланған:

  1. Көшеттерді өсіруге арналған контейнерлерге қылқан жапырақты тұқымдарды себу;
  2. Мектеп жанындағы учаскелердің аумағына ағаш отырғызу.

2025 жылғы 20-31 қаңтар аралығында әр мектепте 200 данадан көшет өсіру үшін қарағай тұқымын себу бойынша акция өткізілді. Барлығы 7 200 контейнерге тұқым себілді.

Көктемгі кезеңде, ағаш отырғызу жұмыстары басталған кезде мектептерде мектеп жанындағы учаскелерге көшет отырғызу бойынша іс-шаралар жүргізіледі, 1 080 дана көшет отырғызу жоспарланып отыр.