2024 жылғы қызмет қорытындылары және 2025 жылға бойынша міндеттер бойынша Басқарма алқасы өткізілді

2024 жылғы қызмет қорытындылары және 2025 жылға бойынша міндеттер бойынша Басқарма алқасы өткізілді

2024 жылғы 12 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Р. Ж. Құрмановтың төрағалығымен Солтүстік Қазақстан облысының 2024 жылғы орман саласы жұмысының қорытындылары және ағымдағы 2025 жылға арналған негізгі міндеттер бойынша алқа өткізілді.

Алқа жұмысына Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының, Солтүстік Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының, «Көкшетау» ұлттық табиғи паркінің басшылары, төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері, облыстың орман шаруашылығы және табиғат қорғау мекемелерінің басшылары қатысты.

Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:

Орман шаруашылығы бойынша табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының 2024 жылғы жұмысының қорытындылары және ағымдағы 2025 жылға арналған алдағы міндеттер;

2025 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындық;

«Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің 2025 жылғы өрт қауіпті маусымға дайындығы туралы.

Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Р. Ж. Құрманов өткізген алқа қорытындысы бойынша тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

Орман шаруашылығы және ЕҚТА
бөлімінің басшысы В. А. Лабанчук