
Жаз бен күз айлары нағыз жем-шөп дайындау науқаны. Ерекше алаңдататын жағдай орман алқаптарына жақын орналасқан шабындық шөптi немесе сабанды дайындаған кезде, көптеген жағдайда орман өртiн тудыруы мүмкiн. Орман — тiршiлiк көзi, баға жетпес табиғат қоймасы. Алайда оның жауы — от. Төгiлiп қалған май, бензин және басқа да жанатын сұйықтар үлкен қауiп-қатер көрсетедi. Ең маңыздысы өртке қарсы шараларды және өртке қарсы талаптарды сақтау. Шөптi және сабан дайындау жұмыстары бойынша, техника ұшқын сөндiргiштермен және алғашқы өрт сөндiру құралдарымен сондай-ақ өрт сөндiргiштермен, сыпырғыштармен, киiз бөлiгiнен немесе брезентпен, күректермен жабдықталуы тиiс. Маялардың айналасына оттың таралуын болдырмайтын, енi кемiнде 4 метiрлiк мин.жолақтарын жасайды.
«Ақан серi»орман шаруашылығы» КММ-нiң
орман шаруашылық инженерi М.С. Мусин