
Облыстың орман шаруашылықтары 2024 жыл ішінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік орман қоры аумағында орман өрттерінің алдын алу және оларға қарсы күрес жөніндегі өртке қарсы іс-шаралар жоспарына» сәйкес іс-шаралар өткізді.
Басқарманың қарамағындағы орман шаруашылықтары бекітілген жоспарларға сәйкес өрт қауіптілігін төмендетуге, ормандардың өрт тұрақтылығын арттыруға, орман өрттерінің алдын алуға, уақтылы анықтауға және жоюға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, техникалық және басқа да шаралар кешенін орындады.
2024 жылғы өрт қауіпті маусым барысында өртке қарсы алдын алу іс-шаралары өткізілді:
Орман қорының аумағында 1 273 дана аншлагтар орнатылды, ормандардағы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерге 730 жадынама берілді, өртке қарсы тақырыпта 3 287 парақша таратылды. Ұйымдарда, кәсіпорындарда және мектеп мекемелерінде 475 дәріс пен әңгіме ұйымдастырылып, өткізілді. Бұқаралық ақпарат құралдарында табиғатты қорғау тақырыбына 116 мақала жарияланды, теледидардан 7 сөз сөйледі.
Мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 38 хаттама толтырды, 1 015,3 мың теңге сомасына 38 әкімшілік айыппұл салды, оның ішінде орман пайдаланушыларға 443,4 мың теңге сомасына 7 айыппұл салынды, толық көлемде өндірілді.
2024 жылғы өрт қауіпті маусымы басталғанға дейін орман шаруашылықтары бойынша өртке қарсы техника мен жабдықтар жауынгерлік әзірлікке келтірілді, өрт сөндірушілер, диспетчерлер саны жасақталды. Рейдтік іс-шаралар жоспарына сәйкес ормандарды патрульдеу маршруттары бекітілді, мобильді топтар мен орман өрттерін сөндіру басшыларының құрамы қалыптастырылды, өртке қарсы іс-шараларды өткізу жоспарлары әзірленді, өрт қауіпті маусымға орман өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі құралдар дайындалды. Облыс аумағындағы өрт жағдайының мониторингі орман күзетімен жерүсті патрульдеу, сондай-ақ өрт-бақылау мұнараларынан және «Орман күзетшісі» орман өрттерін ерте анықтаудың 7 жүйесінен жүзеге асырылды.
Өрт қаупі бар маусым бойы орман қоры аумағында ормандарда 1 015 рейд жүргізілді.
Профилактикалық іс-шаралар уақтылы және бекітілген жоспарларға сәйкес, кешенді, мақсатты және уақыт бойынша дәйекті түрде жүргізілді.
2024 жылы жүргізілген жұмыстың нәтижесінде орман өрттері басқармасының қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде тіркелмеген. Орман қорына қауіп төндіретін 7 өрт болды, олар уақтылы жойылды және оқшауланды.
Қазіргі уақытта мемлекеттік орман мекемелерінде 2025 жылғы өрт қаупі бар маусымға дайындық жұмыстары жүргізілуде.