Ағымдағы 2020 жылға облыстың мемлекеттiк орман шаруашылықтарына көлемi 531,2 мың текше метр кеспеағаш бекiтiлдi.
Барлық бекiтiлген көлемге төленуге жататын орман табысының мөлшерi есептелдi, ол бекiтiлген кеспеағаштың түбiрiмен және Қазақстан Республикасының Салық кодексiнде белгiленген коэффициенттер ескерiле отырып, орман пайдалану көлемi мен төлемақы ставкалары негiзге алына отырып, жыл сайын АЕК мөлшерiнен өзгеретiн кеспеағаштың көлемiмен айқындалды.
Орманды пайдаланғаны үшiн төлем объектiсi мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнiң алқаптарын пайдалану көлемi, басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi, аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесудi және басқа да ағаш кесудi жүзеге асыру кезiнде түбiрiмен босатылатын сүрек көлемi және ағаш ресурстарының, шайырлардың, қосалқы орман ресурстарының, жанама пайдаланудың және т. б. көлемi болды.
Орман табысын төлеушiлер — Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен орман пайдалану құқығын алған мемлекеттiк орман иеленушiлер, жеке және заңды тұлғалар (ұзақ мерзiмдi орман пайдалануды орман пайдаланушылар).
Төлемақы сомасын мемлекеттiк орман иеленушiлер есептейдi және рұқсат беру құжатында: ағаш кесу және орман билетiнде көрсетiледi.
Ағымдағы жылдың бiрiншi жартыжылдығында мемлекеттiк орман шаруашылықтары орман пайдалануға 569 рұқсат беру құжаттарын, оның iшiнде 491 ағаш кесу билетiн және 78 орман билетiн бердi.
Өсiп тұрған ағаш үшiн төлем мерзiмi бойынша iс жүзiнде 147 млн 717 мың теңге түстi, жоспар бойынша 120 млн 649 мың теңге немесе 122%.
Жанама пайдаланғаны үшiн төлем толық көлемде келiп түстi және 1940,6 мың теңгенi құрады.
Орман шаруашылығы және ЕҚТА бөлiмiнiң маманы
С.Е. Сүлейменова