
2024 жылғы өрт қауіпті маусым басталғанға дейін орман шаруашылығы бойынша өртке қарсы техника мен жабдықтар жауынгерлік әзірлікке келтірілді, өрт сөндірушілер, диспетчерлер және басқалар саны жасақталды.
Рейдтік іс-шаралар жоспарына сәйкес ормандарды патрульдеу маршруттары бекітілді, мобильді топтар мен орман өрттерін сөндіру басшыларының құрамы қалыптастырылды, өртке қарсы іс-шараларды өткізу жоспарлары әзірленді, өрт қауіпті маусымға орман өрттерінің алдын алу және сөндіру жөніндегі құралдар дайындалды.
Облыс аумағындағы өрт жағдайының мониторингі орман күзетімен жерүсті патрульдеу, сондай-ақ өрт-бақылау мұнараларынан және «Орман күзетшісі» орман қорына интерактивті бейнемониторинг жүйесінен жүзеге асырылды.
2024 жылы орман өрттері басқармасының қарамағындағы мемлекеттік орман қоры жерлерінде тіркелмеген.
Талдау көрсеткендей, патрульдеу бойынша іс-шаралар санының артуы, тұрақты үгіт-түсіндіру жұмыстары арқасында орман өрттерінің алдын алуға мүмкіндік туды
Өрт қаупі бар маусым бойы орман қоры аумағында ормандарда 1 015 рейд жүргізілді.
Орман қорына қауіп төндіретін 7 өрт тіркелді, жойылды және уақтылы оқшауланды. Мемлекеттік орман күзетінің қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін 38 хаттама толтырды, 1 015,3 мың теңге сомасына 38 әкімшілік айыппұл салынды, 1 015,3 мың теңге өндірілді (100%).
2024 жыл ішінде орман өрттерімен күресудің алдын алу шаралары:
108 мақала жарияланды, теледидардан 7 сөз сөйледі, 3 137 парақшалар таратылды, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша 475 дәріс өткізілді. Автомобиль жолдарының бойында 96 демалыс орны жабдықталды, байланыс телефондары көрсетілген 1 273 ақпараттық аншлаг қойылды, шаруашылық жүргізуші субъектілерге 730 жадынама берілді.