Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мемлекеттік орман мекемелерімен жергілікті халықты отындық ағашпен қамтамасыз ету регламенті

Солтүстік Қазақстан облысының коммуналдық мемлекеттік орман мекемелерімен жергілікті халықты отындық ағашпен қамтамасыз ету регламенті

Терминдер:

Физикалық тұлға (жеке тұрғын үй) – шаруашылық құрылыстары бар жеке үй (монша, гараж, жазғы ас үй және т. б.);

Әлеуметтік осал топтар – Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, 1 және 2 топтағы мүгедектер, жетім балалар, көпбалалы аналар.

Жеке тұлғалар үшін орман сату қорының көлемдерін қалыптастыру тәртібі және ағаш беру лимиті:

1) Жергілікті халықтың отындық ағашқа қажеттілігін анықтау және мониторинг жүргізу мақсатында, орман иеленуші әрбір ауылдық округ бойынша (ауылдық округ әкімдіктеріне сұрау салу арқылы) әлеуметтік осал топтарды қамтитын жеке тұрғын үйлердің тізімін жасайды. Бұл тізім орман кесу қалыптастыру жылыдың 10 сәуіріне дейін дайындалады.

2) Ауылдық округтердің ұсынған тізімдері негізінде отындық ағашқа мұқтаж жергілікті халықты қамтамасыз ету үшін орман сату қоры қалыптастырылады. Қалыптастыру ағаш дайындау құқығына ие орман пайдаланушыларын (тиісті аумақта) ескере отырып, келесі жылға жүргізіледі.

3) Бір жеке тұрғын үйге берілетін ағаш көлемі барлық түрдегі кесулерден дайындау арқылы 15 текше метрге дейін белгіленеді.

Төлем, рұқсат беру құжатын беру тәртібі:

1) Ағаш алу үшін тиісті орман иеленушіге (аумақтық тиесілігі бойынша) кесу жұмыстарына бір ай қалғанда өтініммен жүгіну қажет.

2) Орман иеленушінің жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 9:00-ден 18:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін, демалыс және мереке күндерін қоспағанда.

3) Өтінімдерді қабылдау және оларды кеңсе журналында тіркеу сағат 9:00-ден 17:30-ға дейін жүргізіледі, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін. Қабылдау кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

4) Өтінім қаралғаннан кейін, орман мекемесінің басшылығы өтінімді мақұлдаған жағдайда, өтініш беруші ағаш үшін төлемді орман иеленушінің есепшотына екінші деңгейдегі банктер бөлімшелері арқылы белгіленген бағамен аударады. Осыдан кейін ақылы қызмет көрсету туралы шарт жасалады және тұтынушыға шарттың екінші данасы технологиялық картасымен бірге беріледі.

5) Ағаш беру кезінде шартта тараптардың келісімі бойынша ағаш дайындау тәртібі көрсетіледі. Шартта кесу түрі мен ағаш дайындау орны (орман шаруашылығы, квартал, бөлік) нақтыланады.

Ағаш беру тәртібі:

1) Орман иеленуші белгілеген ағаш беру күндері мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері шарт (жүкқұжат) негізінде ағашты кесу орындарында (телімдерде) береді.

2) Телімде орман иеленуші жеке тұлғаға ағаш кесуді жүзеге асырады. Бұтақтарды кесу, ағашты кесіп бөлу және кесу орындарын тазарту жұмыстарын жеке тұлға өз бетінше немесе орман иеленуші тарапынан белгіленген бағамен орындай алады.

3) Әлеуметтік осал топтарға жататын жергілікті халық үшін ағаш кесу, бұтақтарды кесу, ағашты кесіп бөлу және кесу орындарын тазарту жұмыстарын орман иеленуші белгіленген бағамен жүзеге асырады. Қамтамасыз ету өтінімдердің келіп түсу мерзіміне сәйкес кезек тәртібімен жүргізіледі.

4) Орман кесу орнынан ағашты тасымалдау басталғанға дейін, ағаштар мемлекеттік орман күзеті қызметкері тарапынан таңбаланады.

5) Кесу орындарын тазарту (кесу қалдықтарын жинау, үйіндіге жинау және т. б.) тұтынушы тарапынан белгіленген мерзімде өз бетінше жүзеге асырылады.

6) Мемлекеттік орман күзеті қызметкерлері кесу орындарын тексеріп, ағаштың берілгені туралы белгі қояды.

Ағаш беру мерзімдері:

Орман сату қорын игеру мақсатында жеке тұлғаларға ағаш беру 1 қаңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік кесу жылы ішінде жүргізіледі.