
«Соколов орман шаруашылығы» КММ мамандары Соколов мәдениет үйiнiң қызметкерлерiмен бiрге қазақтың ұлы ақыны, ойшыл, композитор, қоғам қайраткерi, қазақ жазба әдебиетiнiң негiзiн қалаушы және оның алғашқы классигi Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған салтанатты iс-шараға белсендi қатысты. Осы iс-шара «Соколов орман шаруашылығы» КММ аумағында табиғат аясында өттi, онда Ұлы Абайдың өлеңдерi мен әндерi айтылды, «Абайды Бiрге оқимыз» акциясы өткiзiлдi.
Директор орынбасары
Бермағанбетов М.А.