«Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» КММ (бұдан әрі - Басқару) Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрінің 2018 жылғы 15 тамыздағы № 18 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру, іске асыру мониторингі және оның нәтижелерін бағалау қағидаларына (бұдан әрі Қағидалар) сәйкес 2025 жылға арналған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тақырыптарын жария талқылау онлайн форматта жүргізіледі, ережеге сәйкес талқылау мерзімі - олар орналастырылған сәттен бастап кемінде 10 (он) жұмыс күні. Сұрақтар, түсініктемелер, ұсыныстар, ескертулер жазбаша түрде (электрондық мекенжайға dpr.sko.gov.kz) ауызша түрде де (тел. 8 (715) 2 53-36-52) қабылданады, сондай-ақ, түсініктемелерді Басқару сайтында қалдыруға болады.
Жобалар тізіміне сілтеме: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-tabigat/discussion-documents/details/581?lang=kk
Анықтама телефоны: 8 (715) 2 53-36-52.