Минералданған жолақтарды орнату және күту бойынша жұмыстар

Минералданған жолақтарды орнату және күту бойынша жұмыстар

Орман өрттерімен күресу айтарлықтай қаражат пен ресурстарды қажет етеді. Олардың пайда болу қаупін азайту үшін алдын алу шараларының кешендері әзірленуде. Олардың кейбіреулері өрттің алдын алуға, басқалары өртпен күресуге және оны кең аумақтарға таратпауға бағытталған.

Бұл мәселеде дұрыс жабдықталған минералданған жолақ маңызды рөл атқарады. Орман алқаптарымен және ауыл шаруашылығы алқаптарымен шекарада орналасқан елді мекендердің маңында минералданған жолақтарды орнату бойынша уақтылы ұйымдастырылған және жүргізілген жұмыстар тұрғын алаптарға өрттің таралу қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

2024 жылғы өрт қауіпті маусымның басталуымен «Орлиногор орман шаруашылығы» КММ аумағында бірқатар өртке қарсы іс-шаралар өткізілді, оның ішінде минералданған жолақтарды орнату және күту. Жыл сайынғы жоспарға сәйкес Орлиногор орманшылығында ұзындығы 696 км минералданған жолақтарға күтім жасау және ұзындығы 100 км минералданған жолақтар салу жүргізілді.

Орлиногор орманшылығының
құрылымдық бөлімшесінің басшысы
М. М. Тайкенов