Мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс шеңберiнде СҚО әкiмдiгiнiң табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Green Help» ҚБ, «Радуга» ЖШС бiрлесiп, 2020 жылғы 27 шiлдеде Петропавл қ. пәтер иелерi кооперативтерi арасында «Қайталама шикiзат жинау бойынша үздiк аула» экологиялық акцияға бастама бердi.
Акцияға қатысушылар мекен-жайы бойынша орналасқан 5 аула: Абай көшесi 57, Уәлиханов көшесi 19, Жұмабаев көшесi 59, Назарбаев көшесi 136, Жамбыл өткелi 1А.
Контейнерлiк алаңдарда қалдықтардыбөлек жинауға арналған контейнерлер орнатылды: макулатура, пластикалық және қаңылтыр қаптамалар, өздерiнiң тұтынушылық қасиеттерiн жоғалтқан электрондық және электр жабдықтары. Акция қатысушыларына акцияның мақсаты мен мiндеттерi түсiндiрiлiп.
Акция ағымдағы жылдың қазан айына дейiн жалғасады. Осы уақыт iшiнде ПИК және үй тұрғындары қалдықтарды қайта пайдалану үшiн кiм көп жинайтыны бойынша жарысатын болады. Байқау қорытындысы бойынша ең белсендi ПИК олардың қажеттiлiктерiне пайдаланатын шаруашылық тауарларымен ынталандырылады.
Акцияның мақсаты тұрғындар арасында ҚТҚ бөлек жинауды насихаттау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және табиғи ресурстарды сақтау.